Атырау, 26 желтоқсан 00:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Бөрібасар да баспанаға мұқтаж

6 337 просмотра

Қаладағы зоодүкендер  өздері асырап отырған жануарларының күшіктерін далаға тастауды қаламайтын қайырымды азаматтардың шабуылынан шаршаған сыңайлы. Күн сайын таңертең дүкен сатушылары есік алдынан қыңсылаған күшіктер, пырылдаған  марғаулар  және шиқылдаған аламан мен басқа да жануарлар салынған қораптарды тауып алып жатады. 

ЗООДҮКЕННІҢ МАШАҚАТЫ

Бұл дегеніңіз бір пәле болды деуге болады, – деп шағымданады «Табиғат» дүкенінің қожайыны Леонид ДЕМЯШЕВ. – Таңертеңгілік жұмысымыз осындай тастандыларды тексеруден басталады. Медикаменттер мен олардың азығы – оның бәріне қыруар ақша кетеді, оның үстіне күш-қайрат пен төзімділік те керек.

- Қандай жануарларды тастап кетіп жатады?

– Негізінен марғаулар. Кейде тіпті, енелерімен қоса тастайды. Есіктің алдына марғауларды целлофан пакетпен тастап кеткен жағдай да болды, көбіне қораптарға салып тастайды.  Адамдар осылайша қайырымды іс істеп жатырмыз деп ойлайды. Бөтен адамдардың қолымен жақсылық жасауды мен дұрыс емес деп есептеймін. Олар біздің тастанды жануарларды алатынымызды біледі, сөйтіп, өздері жауапкершіліктен қашады. Ондай жақсылық жасаудың тағы бір жолы бар емес пе, газетке хабарландыру  беру немесе таныстарыңа айтып көр...

Осынау проблеманы қалай болғанда да шешу үшін біздің дүкенімізде хабарландырулар тақтасы бар. Кез-келген адам  жануарының суретімен бірге өзінің хабарландыруын тегін іліп қоя алады, байланыс телефонын жазып қалдырады.

 

МАРҒАУЛАР ҚОЛДЫ БОЛДЫ

Редакциядағы бізге де бірнеше рет осындай жағдайға тап келуге тура келді. Тіпті, бір-екі күннің ішінде ғана сасқалақтаған күзетшілеріміз журналистерге үш марғау салынған макарон  қорабын әкеліп берді. Түрлеріне қарасақ туғандарына бір-екі күн болған сияқты. Не істейміз, далаға тастай алмайсың... Әркім қалтасындағы тиын-тебенін беріп, қорапты «Табиғат» дүкеніндегілерге апарып бердік. Бұл оқиғаның ақыры жақсылықпен аяқталды, марғаулар өз қожайындарын тапты.

Дегенмен, күшіктер мен марғауларға қатысты мәселе сол күйі шешімін таппастан қалып отыр. Қалада қаңғыбас иттердің проблемасының қалай шеші-летінін барлығы да жақсы біледі. Арнаулы автобаза оларды атып тастайды. Жануарларды атпау керек, оларды ұстап алып, зарарсыздандырып, өз пәтерлерін арнаулы орындарда ұстау туралы жұмған ауызды ашпаса да болады. Дегенмен, кейбір қалалықтар өз бастарына бәле тілей отырып, мысықтар мен иттердің ұясына айналдырып отыр.

 

МЫСЫҚТАР МЕКЕНІ

Балықшы поселкесінің тұрғыны  Светлана КРЮЧКОВА иесіз қалған жануарлар үшін паналайтын орын ашуды өмір бойы армандап келеді.

Пәтеріне төртінші мысықты паналатқаннан соң көршілер шу шығара бастады. Өйткені, олардың бұл наразылықтарын түсінуге де болады.

... Светлана тұратын үйдің подъезін мысықтардың дәретінің иісі алып кеткен. Екінші қабатта марғауларын емізіп жатқан мысықты көрдік.

– Бұларды мен тек тамақтандырамын. Подъезді үнемі жуып отырамын, - деді бізді пәтеріне кіргізген Светлана.

– Міне, менің мысықтарым, танысыңыздар  – мынау Шишига (батпақты мақұлық), Борька, Семён және  Лиза. Олардың барлығы да менің үйіме марғау кездерінде қаңғып жүрген жерлерінен тап болды. Егер мүмкіндік болса, иесіз қалғандардың барлығын асырап алар едім, бірақ, оным ақылға сиымсыз екендігін түсі-немін. Содан да менде тек төртеуі ғана бар.

 

ОТАСЫЗ БОЛМАЙДЫ

Висконсин штатынан (АҚШ) келген Мартин ГРЕЙ біздегі қаңғыбас жануарларды атып тастайтындығын  білген кезде шошынып кетті:

– Сіздің айтып отырғаныңыз сұмдық қой. Бізде үй жануарларына балаға қарағандай күтім жасайды. Иттерге арналған арнайы телехабарлар бар, айталық, Цезар МИЛАННЫҢ «Переводчик с собачьего» деген хабарында қожайындарға иттерді қалай үйрету керектігімен таныстырады. Және тағы да бізде жануарлар паналайтын орындар мен тәлімбақтар бар. Кез-келген жануарды қолына алғысы келген адам осында келіп, таңдап ала алады. Жануарларға арналған паналайтын орындар әрбір елді-мекенде бар, бұл да аурухана мен мектеп секілді қажетті нысандардың бірі болып саналады.

– Оларды кімдер қаржыландырып отырады?

– Шығындар жергілікті бюджет есебінен және ішінара жануарларды жақсы көретін ауқатты адамдардың қайырымдылықтары арқасында жабылады. Бұл орындар жергілікті әлеуметтік бағдарламалар департаментіне қарайды және толығымен соларға есеп береді. Паналайтын орындар мында түрлі болып келеді, негізінен қолдан өлтіруді жүзеге асырады. Алайда жануарларды ұйықтатып тастамайтын түрлері де бар, өкінішке қарай, ондайлар аз.

– Сіздерде қаңғыбас жануарларға қатысты қандай шаралар алынады?

– Әрине, бізде оларды атып тастамайды, ұстап алады. Алайда, бізде жалпы көшеде қарғыбаусыз қаңғып жүрген  жануарларды кездестіру сирек. Заң бойынша көшеде жануарларды кездестірген болсаңыз оны өзіңізге алуыңызға болмайды. Мейлі ол марғау не күшік болсын сіз оны міндетті түрде арнайы бақылау қызметіне тапсыруыңыз керек. Кейін оны жергілікті паналайтын орынға береді.

- Сіздерде иттер мен мысықтарды зарарсыздандыруға  аса маңыз берілмейді дейді, ал сіздерде қалай?

– Қалайша оған көңіл бөлін-бейді? Түсінбедім. Бұл қалыпты және қолайлы  жағдай. Зарарсыздандыру бұл да құтыру ауруына байланысты ектіру секілді табиғи нәрсе. Менің мысығым  айталық, ұрықсыздандырылған. Жалпы барлық үй иттері мен мысықтарының шамамен    90%-на   ота жасалған. 

– Мысығыңыз үлкен болар...

– Әрине, жануарларды үйге ұстағанда олармен проблема туындамауы тиіс.

 

ҚОРЛАУҒА ЖОЛ БЕРМЕЙІК!

– Бізде биылғы жылы тек ақпан айының өзінде итке 35 адам қабылды. Олардың қаншасы атылды...

- Бұл дегеніңіз жануарларды қорлау ғой! Бізде мұндай жағдайда нақты айыппұлдар салынады немесе айлар бойы түрмеге қамалады. Адамдарды қауып алу сирек кездеседі.

– Американдық иттер барынша тәрбиелі болғаны ма?

– Жоқ. Ешкім де сот процесі кезінде өз байлығын жоғалтқысы келмейді. Сізді ондаған немесе жүздеген мың долларға итіңіз әлдебіреуді тек қорқытқаны үшін ғана жазалайды. Мұндайда бұған өзіңіз барынша мұқият болуға тырысасыз. Қолданыстағы заңдар сөзсіз орындалады, жүйе нақты түрде жұмыс жасайды. Сондықтан да Америкада аш және ауру жануарлар көшеде жүрмейді. Және оларға ешкім де қару кезенбейді.

- Ал, бізде бәрі басқаша. Атады, суға батырып жібереді, тіпті, қорлап жатады. Мұндай сұмдық әрекеттер өкінішке қарай барған сайын таң қалдырудан қалып барады.

- Алайда, бізде де ондай әрекеттерге баратын ақымақтар баршылық. Бізде да ондай жағдайлар орын алады. Менің ойымша, біздер жануарларды қорлай отырып, адамдық бет-пердемізді жоғалтып барамыз.

Обаға қарсы стансаның эпизоотология зертханасының меңгерушісі Фёдор САРАЕВТЫҢ  айтуынша, қаңғыбас жануарлар түрлі жұқпалы ауруларды таратушы болып табылады: – Әсіресе, жануарлардың көп жиналған жерлері қауіпті: жертөлелер, жылу трассаларының бойы, люктер...  Жануарлардың бір жерге топталып жиналуы бүргелердің  тарауына жол береді. Әдетте, ерте ме, кеш пе адамдар СЭС-на хабарласады, жануарлардың көзін жойғанмен, сол кезден бастап проблема басталады. Бүргелер өзінің таратушысын тастап, басқасын табуға тырысады. Олардың жолына адам тап келсе, егер жануар ауырған болса, онда олар жұқпалы індетті таратушы болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жақында Алматыда «Белый Бим» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Жиналған ақшаға қаңғыбас иттерге арналған паналайтын орынның құрылысын бастауды жоспарлап отыр. – Демеушінің берген қаржысына біз қаладан 35 шақырым жерден бес гектар жерді сатып алдық,– дейді  «Белый Бим» паналау орнының басшысы Наталия СУЛЬЖИК. – Бірақ, істі аяғына жеткізу үшін және өз қалауымызша бәрін жабдықтау   үшін  тағы да 100 мың доллардай ақша  керек.  Алдағы уақытта ісіміз оңға  басады деп ойлаймын. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Мысықтар мен иттерді  ұрықсыздандыру және зарарсыздандыру 10 мың теңге тұрады, - дейді «Айболит» ветеринарлық емханасының  ветдәрігері  Наталья ПАК. – Алайда біздің қалада бұл процедура әрі кеткенде аптасына бір рет жасалады. Оның себебі - жануарларды семіріп кетпес үшін, диетаға отырғызуға тура келетіндіктен  емес, адамдар операциядан кейінгі кезеңде оларға ерекше күтім жасаудан: жарасын емдеу, дәрі-дәрмегін беру, тіпті, көңіл бөлуден қашады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Анастасия ПАСТУХОВА

18 шілде 2012, 19:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.