– Азиаттық шегірткенің жұмыртқасы өзеннің тайызды лай суларында бірнеше жыл сақталады. Дернәсілдердің жарып шығуы үшін нақты бір жағдайлар керек болады. Ыстық пен өзеннің тайыз жерлеріндегі құрғақшылық Сол-түстік Каспий мұнай төгілуіне әрекет ету экологиялық базасының құрылысы ауданында осынау ауыл шаруашылығы зиянкестерінің Дамбы және Еркінқала селолық округтарының аудандарында пайда болуына әкеліп соқтырды. Кейін қамыс арасындағы қаптаған зиянкестер дельтопландардан тасталған улы химикаттардың көмегімен жойылды, ауыл шаруашылығына зиян келтіруге жол берілмеді, - дейді Жайық өзені сағасында орналасқан аралдарда маусым-шілде айларында шегірткенің пайда болуына қатысты түсінік берген ҚР ауыл шаруашылығы аумақтық инспекциясының бастығы Жангелді РАХМЕТҚАЛИЕВ.
Оның айтуынша, биылғы жылы шегіртке бізбен көршілес облыстардың барлығында пайда болды. Астрахан облысында бірнеше аудандардың аумағы зиян шекті, Батыс Қазақстан облысында – 380 мың гектар, Ақтөбе облысында – 205 мың гектар алқапты алды. Атырау облысында зиянкестер 33 мың гектар алқапта анықталып, көзі құртылды. Дегенмен, жақында ғана Махамбет ауданында шегірткелердің үйірі байқалды, кейін олар Индер және Қызылқоға аудандарына ұшып кетті. Таяу айларда сол аудандардың аумағында зиянкестердің қаншалықты ұялағандығын анықтау мақсатында тексеру жүргізілетін болады. Бұл аудандардың аумағы келесі жылдың көктемінде дельтопландардан улы химикаттарды дәл тарату үшін GPS-навигаторлардың көмегімен тіркеледі. Алқаптарды улау үшін GPS біздің облысымызда бірінші рет қолданылмақшы.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ