Атырау, 30 қараша 07:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Македония Республикасының атауы өзгереді

2 584 просмотра


Грекия мен Македонияның премьер-министрлері Алексис Ципрас пен Зоран Заев 27 жылға созылған даудың шешімі ретінде балқан мемлекетінің жаңа атауын «Солтүстік Македония Республикасы» деп өзгертуге келіскендерін мәлімдеді. Енді осы жылдың соңында мемлекетте Македония Республикасы атауын ресми түрде өзгертуге байланысты жалпыхалықтық референдум өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ABC News-ке сілтеме жасап.

Македония Республикасы көп жылдар бері осы атауы үшін НАТО мен Еуроодаққа мүше бола алмай келеді. Ал жаңа атау енді мемлекеттің ішінде ғана емес, халықаралық деңгейде де қолданылатын болады. Жаңа өзгерістерге байланысты Македония енді өзінің Конституциясына өзгеріс енгізуі керек.

Грекия мемлекеттің солтүстігіндегі Македония қаласына байланысты шекаралық шиеленісті болдырмау мақсатында Македония Республикасынан атауын өзгерту туралы бұрыннан талап етіп келеді.

«Артқа қайтар жол жоқ. Біз ширек ғасырдан астам уақыт бойы мемлекетті кері тартып жүрген бұл дауды шешуге мықтап бекіндік», деді Македонияның премьер-министрі Заев.

Ал Грекияның премьері Ципрас «Бұл өзгеріс гректердің Македониясы мен солтүстіктегі көршілеріміз арасында айырмашылық бар екенін көрсететін болады», деді. Сонымен қатар ол Македония бұдан кейін болашақта ежелгі грекиялық Македония өркениетіне жақындығына үміттене алмайтынын айтты.

Грекиядағы Македония мемлекеттің солтүстігінде орналасқан және Грекиядағы ең үлкен екінші қала. Сондай-ақ ол ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралары қатарына кіреді. «Македония» атауына байланысты дау 1991 жылы Югославия мемлекеті ыдыраған кезде басталды. Дәл сол жылы Македония Республикасы тәуелсіздігін жариялаған болатын. Ал солтүстігінде дәл осындай атаумен елді-мекені бар Афина бұл атауға сол кезден бері қарсы тұрып келеді. Тіпті, бұл атау 142 мемлекет тарапынан қолдау тауып, тек Грекия ғана қарсылық білдірген еді.

Зоран Заев Туиттер парақшасында бұл келісім Македонияның этникалық және мәдени тұтастығына еш әсер етпейтінін жазды. Ал Грекия премьері «Бұл біздің аудандағы тұрақтылыққа нұқсан келтіріп келген шиеленістің оң шешімі», деді. НАТО да Македония республикасының мүшелікке енуі туралы мәселені қайта қарастыратынын айтты. Дегенмен, Грекия тарапы егер конституцияға өзгеріс енгізу мәселесі соңына дейін жүргізілмейтін болса, НАТО-ға қосылу туралы шақыртуды жібермейтінін, республиканы Еуроодаққа кіргізу туралы келіссөздерді бастамайтынын мәлімдеді.

Ал 27 жылға созылған даудың шешілуіне жаңадан сайланған премьер-министр көп әсер етті. 2017 жылдың мамыр айында билікке келген Зоран Заев мемлекетті НАТО мен Еуроодаққа кіргізуге мүдделі екенін жариялап, мемлекет атауын өзгертуге байланысты шаралар қолдана бастаған еді. Жаңа атауды таңдау барысында «Жаңа Македония», «Солтүстік Македония», «Жоғары Македония» деген атаулар қарастырылыпты. Енді Грекия мен Македония Республикасының поемьер-министрлері таңдаған «Солтүстік Македония Республикасы» атауын екі мемлекеттің саясаткерлері толығымен қолдауы тиіс.

Дереккөз: Baq.kz

14 маусым 2018, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.