1 маусымда Кеңес Одағының Батыры Қ.Смағұлов атындағы алаңда Sereet workout (көше спорты) бойынша аймақтық біріншіліктің финалдық кезеңі өтті. Оған 1 мамырдан бері іріктеу кезеңдерінде жеңімпаз атанған 20 спортшы қатысты.
Жарыстың бас төрешісі ҚР бойынша көше спортының бас жаттықтырушысы Айтым ЖАКУПОВ болды. Еске сала кетейік, былтыр осындай мезгілде бас жаттықтырушы атыраулықтарға алғаш шеберлік сағатын өткізіп, қалада көше спортының алаңдарын салу туралы ұсыныс енгізген еді.
Финалдық жарыс 3 кезең бойынша ұйымдастырылды. Алғашқы кезең бойынша спортшылар 1 минут ішінде үлгеріп бірнеше трюк көрсетуі тиіс болды. Екінші кезеңде белдеріне кір тасын байлап турникке тартылса, соңғы кезеңде 24 келі кір тасын асынып жерден көтерілу (брусья) жарысында бақ сынады.
Жарыстың жеңімпаздарына ақшалай сыйлықпен және кубок табысталды. Олар алдағы уақытта Қазақстан чемпионатында Атырау облысының намысын қорғайтын болады.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті және бейнежазбаны түсірген автор