Атырау, 26 қараша 07:01
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ашық аспандағы жаттығулар

Сурет Бейнежазба
5 913 просмотра

Жайық жағалауындағы алаңда ҚР бойынша Street workout (көше спорты) спортының бас жаттықтырушысы Айтым ЖАКУПОВ шеберлік дәрісін өткізді.

Street workout Қазақстанда 2013 жылдан бері дамып келе жатқанымен Атырауда бұл спорт түрі жаңалық. Кездесу барысында А.Жакупов Атырау жастары арасында street workout-ке қызығушылар көп екенін және онымен жастар youtube желісінен қарап танысып, бұрыннан жаттығып жүргендерін естіп қуанды. 

-Спорттың бұл түрінің ерекшелігі сол, ол үшін спортзалдар қажет емес, ашық аспан астында бірнеше турниктер болса жетіп жатыр, -дейді А.Хакупов. – мен бүгін Ақтаудан келдім, ал ертең дәл осындай шеберлік дәрісін Ақтөбеде өткізетін боламын. Менің бұл турнирім Батыс Қазақстанда воркауттың дамуына қозғау салады деп үміттенемін.

 Воркаут (ағылшынша workout) - әуесқой спорт түрі. Көше спорт алаңдарында түрлі жаттығуларды, атап айтсақ, турникте, қоссырық, швед керегесі, сатыда өрмелеу  және басқа да құрылымдарда  немесе оларды қолданбастан жаттығуларды  (жерде) жасау. Бұл кез келген спорт түрімен айналысып жүрген спортшылардың дене қабілетін, күш-қуатын одан әрі арттыруға пайдасы зор. Спорттың бұл түрімен айналысушылар өздерін түрліше атайды: воркаутерлер, көше спортшылары, көше гимнастары, турникмендер деп те атайды.

Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат БЕКЕТТІҢ айтуынша, қазіргі кезде қаланың үш жерінен стандартқа сай қылып street workout алаңшасын салу үшін жобалық құжаттары дайын.

- Алаңдарды қай шағын аудандардан салған дұрыс. Оны атыраулық жастар өздері талқыға салып шешсін. Ұсыныстарын мына atyraugolos@mail.ru электорнды поштаға жолдасын. Барынша көп дауыс жинаған орында салынатын болады,   - дейді А.Бекет.


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Сурет, видео автордікі

17 шілде 2017, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.