6 ақпанда №2 қалалық соты Атырау бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының үш қызметкеріне қатысты үкім шығарды.
Анықталғандай, олар 2017 жылдың мамыры мен қыркүйегі аралығында жолаушылар поездарының бригадирлері мен вагон-мейрамханаларының директорларынан басқарма басшысы Игорь ШИНГЕ беру үшін әлденеше рет ақша жинаған. Параның жалпы сомасы 339 мың теңгені құрады.
Бір ай бұрын сол №2 қалалық соты Шинге ҚР ҚК-нің 366-бабы («Пара алу») бойынша өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды жұмыс атқару құқығын айырумен қатар, параның 70 есе сомасы (23 730 000 теңге) мөлшеріндегі айыппұл түрінде жаза тағайындады.
Оның қарамағындағыларды сот ҚР ҚК-нің 368-бабы бойынша кінәлі деп тауып, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды жұмыс атқару құқығын айырумен қатар, параның 20 есе сомасы (6 780000 тенге) мөлшеріндегі айыппұл түрінде жаза тағайындады.
Фархат ӘБІЛОВ