«Атырау бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ басшысы Игорь ШИН №2 Атырау қалалық сотының санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері ҚР ҚК-нің 366-бабында қарастырылған қылмысты жасау белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде. Атырау облыстық көлік прокуроры Берік ҚҰЛМАҒАНБЕТТІҢ хабарлауынша, теміржолдағы бас санитарлық дәрігер бақылауындағы мекемелерде жұмыс жасайтын тұлғалардан ақшалай қаржы түрінде әлденеше рет пара алған деп күдіктелуде.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ