Атырау, 5 желтоқсан 12:53
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

"Жеңгетайға" үкім шықты

3 866 рет қаралды

Атырау облыстық ІІД ұсынған сурет


5 ақпанда №2 Атырау қалалық соты басқа жақтан келген бірнеше қыз-келіншекті мұнайлы астанада жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 48 жастағы алматылыққа қатысты үкім шығарды.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам оларды өзімен бірге алып келіп, пәтер жалға алып, сол жерде притон ұйымдастырып, жеңіл жүрісті қыздардың клиенттерден түсірген ақшаларының көп бөлігін өз қалтасына салып отырған. «Қамқорлығындағы» қыздардың бірі туберкулезбен ауырған, тағы бірі 2016 жылдан бері «мерез» диагнозымен есепте тұрған.

Сот азамат А.Е.-ні ҚР ҚК-нің 194-бабы («Қорқытып алу») бойынша кінәлі деп танып, «орташа қауіпсіз мекемеге» 6 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Енді Қазақстанда жалпы режимдегі колония осылай деп аталады. «Жеңгетай» өз кінәсін мойындамады, ол үкімді шағымдануға ниетті.

Фархат ӘБІЛОВ

5 ақпан 2018, 20:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.