Атырау, 25 қараша 13:02
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Жеңгетайдың» жолы болмады

5 348 просмотра


Атырауда басқа жақтан келген жезөкшелер мен олардың «жеңгетайы» ұсталды.

ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, «Stop-трафик» операциясының барысында ІІД қызметкерлері Алматының 19, 21, 22 23 және 38 жастағы бес тұрғынын Сәтпаев даңғылының бойындағы жалдамалы пәтерде интимдік қызмет көрсетуге мәжбүрлеген 48 жастағы алматылықты қолға түсірді. Ол клиенттерден түскен ақшаның көп бөлігін өзіне алып отырған. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы («Қорқытып алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталып, ол Атырау қаласындағы ІІБ уақытша ұстау абақтысына қамалды.


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті Атырау облыстық ІІД ұсынды

29 тамыз 2017, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.