Атырау, 14 қаңтар 13:33
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

«Жылу мен жарықсыз қалмайсыздар»

2 819 рет қаралды


«АЖ» тілшісінің сұрақтарына ҚР Энергетика министрлігі Атомдық энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің электр-жылу өндіруші станцияларды бақылау басқармасының бастығы Илья РОЖКОВ жауап берді. Әңгіме 15 қаңтарда орын алған Атырау ЖЭО-дағы апат туралы болды.

И.Рожковтың айтуынша, №6 турбина әлі жөндеуде тұр екен. Алайда Атырау облысында электрмен қамтуға қатысты проблема жоқ.

- АЖЭО-да жылу маусымын жақсы аяқтау үшін қуат резерві бар ма?

- Әрине. Оның үстіне, турбинаны жөндеу жұмыстарын жеделдетіп, пайдалануға беру шаралары алынуда. Атырауда жылуға да, жарыққа да қатысты проблема жоқ.

- АЖЭО-ның жылу маусымына дайындық төлқұжатына сіз бұдан бұрын жаңа жыл басталғанға дейін Комитетке №5 және 8 турбиналардың жұмыс параметрлерін ұсыну туралы ескерту енгіздіңіз. Оларға не болып еді?

- Мұның бәрі орындалды, турбиналар жылдық кестеге сәйкес жөндеуде болды. Энергетикалық қадағалау комитетінің бүкіл ескертпелері орындалды. Температуралық кесте сақталуда, ешкім жарықсыз отырған жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 қаңтар 2018, 20:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.