Атырау, 26 қараша 15:46
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Масудов «Атырауға» қайта оралды

2 220 просмотра

"АЖ" мұрағатынан

«Атырау» футбол командасының бас бапкері болып 58 жастағы қазақстандық маман Вахид МАСУДОВ тағайындалды.

«Атырау» ФК баспасөз қызметі хабарлағандай, Вахид Масудов – Жамбыл тумасы, ойын мансабын 80-жылдары алматылық «Қайрат» командасының капитаны әрі көшбасшысы ретінде бастап, әрі қарай «Тараз», «Жетісу», «Шахтёр», «Қайрат», «Ордабасы» командаларына бас бапкер болған.

Масудов бұдан бұрын «Атырау» командасының бас бапкері (2009-2010 ж.) ретінде жұмыс істеді. Оның жетекшілігімен команда өзінің алғашқы әрі бүгінгі күнге дейінгі бірден-бір жеңісін – 2009 жылғы Қазақстан Кубогын иеленген еді. Естеріңізге салсақ, өткен жылдың қыркүйегінде «Атырау» бас бапкері Сергей ПАВЛОВ отставкаға кетіп, оның міндетін осы кезге дейін Қуаныш ҚАБДОЛОВ атқарған болатын.

Фархат ӘБІЛОВ

10 қаңтар 2018, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.