Атырау, 26 қараша 18:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Су: кесте және нақтылық

2 978 просмотра

Көрнекі сурет

«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша Атырау облысындағы су құбырын ысандарының құрылысы белгіленген кестеден озық жүргізілуде. Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айдар НҰРАЛИЕВТЫҢ жақында өткен мәслихат сессиясына дайындаған баяндамасында айтылды.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, өңірдегі 164 елді мекеннің 128-і (78%) құбыр суымен қамтылған, қалған бөлігі суды цистернамен жеткізеді.

2017 жылы Жылыой ауданының Тұрғызба, Қосшағыл ауылдарында және Махамбет аудан орталығында 3 су құбыры пайдалануға берілді. Желтоқсанның аяғына дейін Құрманғазы ауданының Дәшін, Жыланды, Азғыр, Балқұдық, Қоңыртерек, Сүйіндік, Батырбек, Егінқұдық, Жалғызапан ауылдарында және Исатай ауданының Қызылүй және Жасқайрат ауылдарында ұқсас нысандарды тапсыру жоспарланып отыр.

Осыдан кейін аймақта таза сумен қамту тағы 1 пайызға артады.

«Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру үшін 2018 жылғы бюджеттен 1,9 млрд теңге бөлінді. Құрманғазы ауданының Ганюшкин, Ақкөл, Қаракөл, Голбин, Көкарна, Дәулеткерей, Көнеу, Котяевка және Кудряшово ауылдарында және Индер ауданының Ақтар, Қызылжар, Кетебай ауылдарында сумен жабдықтау нысандарының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 81,4 млн қарастырылған.

Құрманғазы ауданының Асан және Үштаған ауылдары үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге конкурс жарияланды. 2020 жылға дейінгі аралықта Қызылқоға ауданының Бүйрек, Айдын, Қосқұлақ және Кенбай ауылдарына су құбырын салу қарастырылуда. Осыдан кейін, жоспарға сәйкес, облыс тұрғындарын таза сумен қамту 87 пайызға жетеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 желтоқсан 2017, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.