Атырау, 26 сәуір 16:40
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қазына: қанша қалды және жоспар қандай?

3 503 просмотра


13 желтоқсанда Атырау облыстық мәслихатының кезекті сессиясы өтті. 2017 жылғы бюджеттегі өзгерістер мен келер жылдың жоспары туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айдар НҰРӘЛИЕВ баяндама жасады.

Биылғы жылдың бюджетін 567 млн теңгеге қысқарту ұсынысы түсті: 126 млн мемлекеттік сатып алулардан үнемделіп, 440 млн-ы игеріліп үлгермеген. Балықшы поселкесіндегі жылу жүйесі құрылысын 735 млн теңгеге қаржыландыруға және индерлік педагогтардың еңбекақысын қосымша төлеу үшін 56 млн теңгеге өтінім түсті. Келер жылғы бюджеттің болжамды кіріс бөлігі – 205 млрд. Бұдан басқа, республикалық бюджеттен 11,6 млрд сомада транштар түседі деп болжанып отыр. Облыстық қазына шығындары 107 млрд көлемінде жоспарланған. Сонымен қатар, бюджетке 7,1 млрд сомада инвестициялық жобаларды қаржыландыру енгізілген.

Облыстық әкімдік ғимаратының жалғамасы қайта жөнделеді, ол жерге әкім аппараты мен мәслихат көшіріледі.

Республикалық бюджет қаржылары 4 коммуналдық үйді, Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз жолдарын, Махамбет көпірін салуға және Жайық пен Қиғашты тереңдету жұмыстарына жұмсалады.

Құқыққорғау жүйесін қаржыландыру 1 млрд-қа көбейеді, барлығы 6,5 млрд. Денсаулық сақтауға - 3,7 млрд. Туберкулезді жоғары дәлдікпен диагностикалау орталығын қаржыландыру күн тәртібіне жеке тармақ ретінде енгізілді.

- Бізге екінші Достық үйінің қажеті қанша? – деген сұрақ қойылды залдан. Нұрәлиев бұл құрылысқа бюджеттің 70 млн теңге қаржысы жұмсалатынын, мұның бірінші ғимарат Құрылыс нормалары мен ережелеріне сай келмейтіндіктен жасалып отырғанын айтты.

Депутат Әлия БЕКҚОЖИЕВА сөз алды:

- Облыста онкологиялық сырқатпен үш жарым мың адам ауырады. Жылына орташа алғанда осындай 800 науқас анықталады. Көппрофильді аурухана ашқыларыңыз келе ме – ашыңыздар, бірақ онкологиялық аурухананы бөлек қалдырыңыздар.

Жарты ғасыр ғұмырын педагогика қызметіне, оның 14 жылын облыстық білім беру басқармасының басшысы лауазымына арнаған Жайлы ӨМІРБЕКОВАҒА Атырау облысының құрметті азаматы атағын беру туралы ұсыныс оқылды. Күн тәртібіндегі бүкіл шешімдерді депутаттар бірауыздан мақұлдады.

Сессияда облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ сөз алды. Ол биыл өңір діттеген мақсатына жеткенін, тек құрылыс саласында ғана 2016 жылмен салыстырғанда 97,4%-ға қарқынның баяулағаны сезілетінін атап өтті.

- Бұл АМӨЗ-дегі, Қарабатандағы «Болашақ» зауыты құрылыстарының аяқталуымен байланысты. Бізде жұмыс жасайтын көптеген құрылыс компанияларының облысымыздан тысқары жерде тіркелуі де статистикаға әсер етіп отыр. Айтпақшы, олар салықты тіркелген мекен-жай бойынша төлейді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 желтоқсан 2017, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.