Атырау, 26 қараша 17:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жоғалған эстакадалар

2 518 просмотра


Атырау әкімдігінің қалада 5 жаяу жүргінші эстакадасын салуды жоспарлағаны оқырманның есінде шығар. Әр түрлі мерзімдер айтылды, соның ішінде 2016 жылдың соңы да бар. Алайда жер үсті өткелдері әлі жоқ.

«АЖ» сауалына қалалық әкімдітің баспасөз хатшысы Ардақ ЖУАСОВ жауап берді:

- Жобалық-сметалық құжаттамалар ескіріп кетті, сондықтан олар кері жасауға жіберілді. Сондай-ақ қаржыландыру мәселелері де қаралып жатыр.

Бұрын бөлінген қаржы, атап айтсақ, Сәтпаев даңғылындағы музыкалық академия аумағына эстакада салуға бөлінген 117 млн теңге туралы әкімдік ештеңе айтпады. 

Біздің бейресми ақпарат көздеріміз хабарлағандай, сол кезде қалалық құрылыс бөлімін кейін жемқорлық және бюджет қаржысын иемденгені үшін сотталған Серік ЖҰМАШБАЕВ басқарған. Қаржы полициясы оның қолы қойылған барлық құжаттарды, соның ішінде жүргінші эстакадаларына қатыстылары да бар, бұғаттап тастаған.

Фархат ӘБІЛОВ

24 желтоқсан 2017, 13:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.