Атырау, 26 қараша 19:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Биыл Атырауда алты жаяу жүргіншілер эстакадасының құрылысы басталады

3 601 просмотра

Облыс орталығындағы көлік қозғалысы көп жерлерге алты жаяу жүргіншілер эстакадасын салуға бюджет қаржысы бөлінді. Бұл туралы Атырау облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Мерей ЖАНТӨРЕЕВ Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Сонау 2013 жылы сол кездегі қала әкімі Серік АЙДАРБЕКОВ кеңесте Атырауда қозғалысы көп көшелерден өту үшін «Мэриотт» отелінің жанындағы Сәтпаев даңғылы бойындағы жерүсті өткелі секілді 20 жаяу жүргінші көпірі салынатынын мәлімдеген болатын. Сол кезде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталды. Үш жылдан кейін жоспарланған көпірлердің саны азайды. Қалалық әкімдіктің ресми ақпаратында бес жол айрығы туралы айтылды: «Светлана» автобус аялдамасы маңында, мемлекеттік кірістер департаменті кеңсесінің маңында, Сәтпаев-Тайманов қиылысында, Дина Нұрпейісова атындағы Музыка академиясы мен Баймұханов көшесінің «Дина» базары маңында.

2015 жылдың аяғында қаржы бөлініп, Привокзальныйдағы «Лимон» сауда үйі мен «Дина» базарының маңынан эстакада салатын мердігер анықталды. Темірбетоннан салынған Сәтпаевтағы эстакададан айырмашылығы пилондар мен ферманы (аралық) тұтас металлдан жасау жоспарланды. Бұл эстакаданы 2016 жылдың аяғына дейін тапсыруға тиіс еді. Алайда, мердігер жосықсыз деп танылып, басқа төрт көпірді салуы тиіс мердігер анықталатын мемлекеттік сатып алулар конкурсына бірде-бір өтінім түскен жоқ. Осыған байланысты құрылыс жұмыстары 2017 жылға ауыстырылды.

Жаңа ақпарат бойынша, жоғарыда аталғандардың қатарына Исатай мен Махамбет орталық алаңының маңынан Сәтпаев даңғылы арқылы салынатын тағы бір эстакада қосылды.

Барлық алты нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы әзір. Бірақ қазіргі уақытта олардың төртеуі мүгедектерге арналған арнайы жеделсатылармен жабдықтау жоспарланғандықтан түзетуден өтуде.

М. Жантөреев, сондай-ақ, мәдениет пен спорт нысандарының құрылысы туралы әңгімеледі. Қазіргі уақытта жеті Мәдениет үйі салынуда. Демеуқаржыға қала маңындағы Ақжар, Еркінқала, Жаңаталап ауылдарында және Махамбет ауданының Береке ауылында, Индер ауданының Бөдене мен Есбол ауылдарында Мәдениет үйлері салынып жатыр. Жергілікті бюджет екі нысанды өз мойнына алды - Исатай ауданының Жанбай ауылында 200 орындық Мәдениет үйінің құрылысын салуды және «Махамбет ауданының Сарайшық ауылындағы жағалауды нығайтуды. 

Жергілікті бюджет қаржысына Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылынан, қала маңындағы Томарлы ауылы мен Махамбет ауданының Сарытоғай ауылынан тағы үш Мәдениет үйінің құрылысын бастау жоспарланған. Қызылқоға ауданының Тасшағыл ауылынан 300 орындық Мәдениет үйінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Биыл Атырау қаласынан Достық үйінің ғимаратын салуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталады. Естеріңізге салсақ, бізде Достық үйі бар, ол Құлманов көшесінде орналасқан.

Спорт нысандарына келер болсақ, қазір Жылыой ауданының Ақкиізтоғай, Шоқпартоғай және Жаңа Қаратон ауылдарында, қала маңындағы Ақжар ауылы мен Атырау ауылынан бес Дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ДСК) салынуда. Биыл демеуқаржы есебінен Жылыой ауданының Қосшағыл, Тұрғызба және Майкөмген ауылдарында үш ДСК құрылысын бастау жоспарланып отыр. Ал жергілікті бюджет есебінен Атырау қаласының Томарлы ауылында үлкен футбол мен жеңіл атлетикаға арналған алаңның, Кеңөзек ауылдық округінде 320 орындық көрермен орны бар ДСК мен Исатай ауданының Аққыстау ауылында 160 орындық спорт кешенінің құрылысы басталатын болады.

Махамбет ауданының Ақжайық ауылынан спорт кешені және Атырау қаласында спортқа дарынды балаларға арналған интернаты бар спорт кешенін салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

3 мамыр 2017, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.