Атырау, 26 қараша 17:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Азық-түлік бағалары: кімге сенеміз?

8 912 просмотра


Бұл Атырау супермаркеттерінің көңіл жабырқатар бағалар кестесі - мұнай инесінде отырған ел экономикасы әлсіздігінің көрінісі. Мұнай арзан болған сайын, тамақ қымбаттай береді. Қазақстандағы экономика ғылымы осындай.

«Ағымдағы жыл басынан бері инфляциялық үдерістің баяулауы байқалады. Жыл басынан бері ол 4,2 пайызды құрады. Баяулаудың негізгі факторлары - валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру, нарықтың орташа инфляциялық болжамдары, сонымен қатар, азық-түлік тауарларының негізгі түрлері бойынша азық-түлік тауарларын өндірудің көбеюі. Соңғы 3 айда азық-түлік тауарларының бағасы төмендеуде», - деп хабарлады радио толқынында ұлттық экономика министрлігінің басшысы Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ.

«Статистика» ғылымының мүмкіндіктерінен керемет әсер алып, кеңсеге келіп, неліктен екені белгісіз, үстелімнің төменгі жәшігін аштым. Жәшік ішінен ғаламның тағы бір қалжыңын тауып алдым – металл қыстырғышпен бекітілген супермаркеттің бозғылт тартқан чектері қолыма іліне кетті.

Қағаз ленталардың біріне көз тастап, сонау 2014 жылды еріксіз есіме алдым. Менің алыс 2007-2008 жылдардағы сатып алушылық қабілетімді үнсіз дәлелдейтін осы құжаттарды көріп, көңілім толқығаны әлі есімде. Сол кездегі бағаларға қарағанда, мен, теңгемен жалақы алатын отандық компания қызметкері, тәп-тәуір тұтынушы болдым. Жұмыс күндері кешкі асқа ақсерке (семга) стейгін немесе нағыз итальяндық пармезан салынған кілегей тұздығындағы шпинат пастасын алуға мүмкіндігім жететін. Иә, несін айтайын, ол кезде мен азық-түлік себетіме кірісімнің 30 пайызын жұмсайтын едім. «Ал енді ше?!» - деген еді наразы болған ішкі дауысым бес жыл бұрын. Нанның өзіне жалақымның жартысынан көбі кететін. Бұл ас рационымды едәуір өзгертіп, кейбір қатты қымбатсып кеткен азық-түліктерден бас тартқан кезім болатын. 

2017 жыл. Мен сол «ортаңқол тұтынушыларға арналған» бұрынғы супермаркетке бірінші мақаламдағы қағазға басылған бағалар кестесін қолыма алып, қазіргі бағаларды тізімге енгіздім. Кейбір бағаларды көріп, өз көзіме өзім сенбей, қайта-қайта салыстырамын. Осы жылдар ішінде күнделікті сұранысқа ие азық-түліктердің бағасы 4-тен 121 пайызға дейін өсіп кеткен.

2008, 2014 және 2017 жылғы күнделікті азық-түліктердің бағаларын салыстырып көріңіз де, оларды ұлттық экономика министрлігі бақылап отырған «инфляциялық үдерістердің баяулауымен» байланыстырып көріңіз. Мен байланыстыра алмадым, сіздер ше?

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

21 желтоқсан 2017, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.