Атырау, 26 қараша 18:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Кімдер зейнетақыға асығуы керек?-2

4 274 просмотра


Жақында ғана «бұрынғыша» зейнетақы алғысы келетіндер осы жылы төлем тағайындауды рәсімдеп үлгеруі тиіс деп хабарлаған едік. Олар үшін бүкіл БЖЗҚ филиалдары 30-31 желтоқсанда, сенбі және жексенбі күндері таңертеңнен түске дейін арнайы жұмыс жасайтын болады. Бұл туралы «АЖ» тілшісіне Атырау облыстық БЗЖҚ филиалының директоры Вячеслав ЖҰМЫРОВ (суретте) әңгімеледі.

1 қаңтардан бастап зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, соның ішінде БЖЗҚ-ның төлем тәртібіне қатысты өзгерістер де қолданысқа енеді. Біріншіден, әйелдер үшін зейнет жасы жыл сайын 6 айға ұзарып отырады.  Осылайша, 2027 жылы ерлердің зейнет жасына - 63 жасқа теңеседі. Екіншіден, 2018 жылдың 1 қаңтарынан кейін зейнеткерлікке шығатындар үшін жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен кезде немесе 1, 2-ші топ мүгедектігі белгіленген жағдайда, төлемдер БЖЗҚ-дан тек ай сайын төленеді. Ол зейнетақы жинақтары бар қазіргі зейнеткерлерге қатысты емес - олар жылына бір рет  ең төменгі 30 зейнетақы мөлшерінен аспайтын, яғни 937 000 теңге (табыс салығын шегергенде қолға 872 000 алады) болатын біржолғы төлемді алуға құқылы. Олар жинақталған зейнетақы жинақтары таусылғанша ала береді. Әрі қарай олар мемлекеттен базалық зейнетақы мен пен ынтымақты зейнетақы алады.

- Зейнеткерлердің 99% өз жинақтарын қордан 2-3 жыл ішінде алып болады, содан соң тек ынтымақты және мемлекеттік зейнетақыны алады. Бірақ өз жинақтарын мүлдем қозғамайтын зейнеткерлер де бар, олар бүкіл соманы бірден алу мүмкіндігін күтеді. Оны 79 жаста алуға болады, - дейді БЖЗҚ қызметкерлері.

Ал 2018 жылдың қаңтар айынан бастап зейнетақы рәсімдейтіндер, егер олар өтініш жасаған кезде зейнетақы жинақтарының сомасы ең аз зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспайтын болса, БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын бір уақытта ала алады. 2018 жылы ол 33745 теңге болады, оны 12-ге көбейтеміз, 404 940 теңге шығады. Бұл сомадан асатын төлемдер БЖЗҚ-дан тек ай сайын ғана төленеді.

- БЖЗҚ-дан ай сайын төленетін зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының 1/12 мөлшерімен белгіленеді. Әдістеме зейнетақы жинақтарының мөлшерін, алушының тиісті жасында жинақталған зейнетақы қаражатының ағымдық құн коэффициентін ескереді, - деп атап өтті Вячеслав Жұмыров.

Алушының жасына байланысты зейнетақы жинағының сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Сонымен қатар, инвестициялық кіріс ескеріледі. Қор қызметкерлері ниет білдірушілерге enpf.kz сайтындағы зейнетақы калькуляторының көмегімен зейнетақысын өздігімен есептеуді ұсынады. Көрнекілік түрінде мысал келтірейік: адам 63 жасында 4 миллион зейнетақы жинағымен зейнеткерлікке шығады.  Әдістеме бойынша 63 жаста ағымдағы құн коэффициенті 0,10467 болады. Ол жинақ сомасына көбейтіледі, сонда жылдық төлем мөлшері - 418 680 теңгеге шығады. Бұл сома 12 айға бөлінеді, сонда ай сайын зейнеткерге 34 890 теңге төленеді. Оған қоса, барлық зейнеткерлерге тиесілі базалық зейнетақы және егер адамда 1998 жылға дейін 6 айдан астам жұмыс өтілі бар болса, ынтымақты зейнетақы беріледі.

Тағы бір жаңалық - 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны есептеу механизмі өзгереді. Қазір оның мөлшері барлығы үшін бірдей, ол күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 54%-ына тең және биыл 14 466 теңге болды. Ал келесі жылдың екінші жартысынан бастап зейнеткердің еңбек өтіліне байланысты базалық зейнетақы әр түрлі болады. Егер өтіл 10 жылдан кем болса, онда 54%, ал егер 33 жыл және одан жоғары болса, ол 100% құрайды, бұл 28 274 теңгеге тең (10 және 33 жыл өтіл аралығында зейнетақы жылына 2% өседі).

- Кейбіреулер дұрыс түсінбейді, зейнетақының толық мөлшері осы деп ойлайды. Тағы да қайталаймын – олай емес. Қазір зейнетақы 3 компоненттен тұрады. Көрнекі мысал келтірейін: 1960 жылы туылған әйел 2018 жылдың тамыз айында зейнеткерлікке шығады, оның 1998 жылға дейін 17 жыл өтілі бар. Оның 19 жылдағы жинақталған зейнетақы қаражаты 2,5 млн теңге, ал соңғы уақытта алған жалақы мөлшері 100 мың теңге болған. Осылайша, БЖЗҚ-нан төленетін төлемдер 20 653 теңгеге тең болады, оған қоса мемлекеттің базалық зейнетақысы 28 274 теңге төленеді. Еңбек өтілі 36 жыл болғандықтан, 1998 жылға дейінгі 17 жыл үшін де 51 мың теңге ынтымақты зейнетақы алады. Оның толық зейнетақысы барлығы 99 927 теңге болады, - деді В.Жұмыров.

Жинақтау жүйесі күшіне енгеннен кейін, яғни 1998 жылдан кейін еңбек жолын бастағандарға қиындау тиеді. Олар тек мемлекеттік базалық зейнетақыға және өздерінің жарналарына ғана сене алады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

8 желтоқсан 2017, 21:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.