Атырау, 15 желтоқсан 15:22
Кешке ашық-4, түнде -4
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 334.92  € 395.88  P 5.71

Кімдер зейнетақыға асығуы керек?

6 желтоқсан 15:25


1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері 8% -ға, базалық зейнетақы 6%-ға, жәрдемақылар мөлшері 16%-ға өседі. Атырау облысында 56 мың зейнеткер мен 20 мың жәрдемақы алушы бар. Олар үшін қайта есептеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы брифингте «Әлеуметтік төлемдер жөніндегі ведомствоаралық есеп айырысу орталығы» департаментінің директоры Гүлмира ИСКАЛИЕВА хабарлады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектік бойынша жәрдемақы арнайы жәрдемақымен біріктіріледі. Мүгедектік бойынша жәрдемақы мөлшері күнкөріс деңгейімен белгіленеді. Ол 2018 жылы 28 284 теңге болды, айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2 405 теңге, ең төменгі зейнетақы 33 745 теңге, базалық төлем мөлшері -15 274 теңге, ең аз жалақы - 28 284 теңге.

Жаңа жылдан бастап әйелдер үшін зейнеткерлік жасты өзгерту ережесі күшіне енеді. Жасты ұлғайту жыл сайын алты айдан қосылып, 10 жыл бойы бірте-бірте жүзеге асырылады.

- Егер адам бар болғаны 10 жыл бойы жұмыс істеп, БЗЖҚ-ға жарна аударған болса немесе мүлдем жұмыс істемеген болса, онда базалық зейнетақы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 54%-ы мөлшерінде белгіленеді. 10 жылдан артық жасалған әр жыл үшін базалық зейнетақы 2%-ға көбейеді. Мысалы, 20 жыл жұмыс тәжірибесі бар болса, базалық зейнетақының мөлшері күнкөріс минимумының 74%-ын, ал 30 жыл болса - 94%-ын құрайды. 33 жыл өтіл және одан көп болған жағдайда базалық зейнетақының мөлшері күнкөріс минимумының 100%-ын құрайды, - деп хабарлады департамент директоры.

Қазақстандағы зейнеткерлік жастың көтерілуі қазіргі уақытта ерте зейнетақы алуға құқығы бар әйелдерге әсер етпейді. Бұлар 5 немесе одан да көп бала туған, асырап алған және оларды сегіз жасқа толғанша тәрбиелеген әйелдер. Олардың 53 жаста зейнетке шығуға құқығы бар. Сондай-ақ 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейін 5 жылдан кем емес мерзімде төтенше және аса жоғары радиациялық қауіп аймағында тұрған әйелдер. Олар демалысқа 45 жаста шығады.

Айтпақшы, 58 жасқа толған әйелдерге зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін уақтылы өтініш беру керек. Егер олар уақыт өткізіп алса және зейнетақы ресімдеуді келесі жылы бастаса, онда олар жаңа ережелерге бағынады, яғни, оларға тағы алты ай жұмыс істеулеріне тура келеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

962 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі зейнетақы 2017 жылдың 1 шілдесінде Т45 711 көтеріледі  941 рет қаралды

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы 9%-ға артты  882 рет қаралды

Кімдер зейнетақыға асығуы керек?-2  1420 рет қаралды

Базалық зейнетақы 2017 жылы қайта есептеледі  6646 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5