Атырау, 26 қараша 19:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қайықтағы үшеу

3 189 просмотра

Қызметтік катермен балық толы ауды тралдау кезінде шекара жасағы қызметкерінің ұсталғандығы туралы бүгін «АЖ» редакциясына облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы хабарлады.

Бұл 18 қазанда орын алған екен. Балық қорғау қызметінің ақпараты бойынша, таңғы сағат 7-лер шамасында Жайық өзенінің Сарөзек учаскесінің маңында «№621 «Жағалау күзеті» шекаралық қызметінің катері байқалған. Оның бортында 3-сыныпты старшина Д.Ш. мен жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ екі адам болған».

Инспекциядағылар растап отырғандай, катерде адамдар балық толған ау құралын тралдаумен (сұрыптаумен) айналысып жатқан. Балық қорғау инспекторларын көрген шекаралық қызметтің старшинасы әрі кеме командирі қозғалтқышты от алдырып, «Еуразия» шекаралық бекеті жаққа қарай жоғары жылдамдықпен кемені тоқтату туралы талапты елең қылмай, қуғыншылардан бой тасалаған.

«Шекаралық бекетке кірер кезде белгісіз екі тұлға бекет аумағына жасырынды, бұл олардың жеке бастарын анықтауға кедергі болды. Бұл ақпарат жазбаша түрде шекара қызметінің кінәлі қызметкерлеріне прокурорлық әрекет ету шараларын алу үшін әскери прокурорға жолданды. Бұл оқиға туралы ҚР ҰҚК ШҚ 2201 «Г» әскери бөлімінің командирі Р. ЕҢСЕБАЕВ пен  ҚР ҰҚК ШҚ Жағалау күзеті басқармасының бастығы А. ҚАЮПОВҚА (Ақтау қ.) хабардар етілді»,- делінген ақпараттық хабарламада.

Балық қорларын қорғауға қатысты ведомостволар арасындағы бәсеке текетірес тағы да ушыққанға ұқсайды. Бүгін жұртшылыққа мәлім болғандай, балық қорғау қызметкерінің ұсталуы бір ведомоствоның екіншісіне жауабы іспеттес.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

4 желтоқсан 2017, 21:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.