Атырау, 20 сәуір 06:11
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қайықтан үш қару мен қара балық табылды

Бейнежазба
3 483 просмотра


Қала шетіндегі Дамбы ауылының маңында Жайық өзенінен «казанка» қайығымен келе жатқан балық қорғау инспекторы ұсталды. Қайық ішінен үш қару және қара балық табылды. Атырау шекара жасағының қызметкерлері инспекторды 30 қарашада түнде кездестіріпті.

Ұсталушы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының жетекші маманы А.Г. болып шықты. Қайықтан 3 аңшы қаруы табылды.

Оқиғаға аумақтық инспекция жетекшісі Данияр БАЙМАҒАМБЕТОВ комментарий берді:

- Қару өзінікі екен, инспектор оның бүкіл құжаттарын ұсынды.

- Оқиға орнында түсіріліп, шекаралық қызмет таратқан бейнежазбада сіздің қарамағыңыздағы қызметкердің қайығынан балық табылғаны туралы әңгіме қозғалған.

- Моторға қара балықтарға құрған ау құралы оралып қалған екен. Оны алып тастамақ болып жатқан кезде ұстаған. Шекарашылар ІІБ-не материал жолдады. Біздің мекемеде де қызметтік тергеу жұмыстары басталды.

Бұл факт ҚАЖК-не ҚР ҚК-нің 287-бабы («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша тіркелді. 

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

4 желтоқсан 2017, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.