Атырау, 19 желтоқсан 11:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Әліпби «әлегі»", "Тасмағамбетов сөзін тәпсірлегенде...", "Қырымды асырау қиынға әрі қымбатқа түсіп жатыр", "Путин мен порножұлдыз сайлауда сайыспақ", "Қолмен жазудың қандай пайдасы бар?"

2 856 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Тасмағамбетов сөзін тәпсірлегенде..." - Ресейдегі елшіміз Иманғали Тасмағамбетов Мәскеуде өткен «Қазақстан – Ресей: дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама жасап, сондағы бір сөзінде «Туысы жақын жақын емес, қонысы жақын – жақын» деген мақалды тіліне тиек етіпті. Елшінің осы сөзі 2003 жылдың жазында Мәскеудегі Брежневтің бұрынғы саяжайында өзім куә болған бір отырысты есіме түсіргені.

"Әліпби «әлегі»" - Сонымен, жұрт ұлардай шулап, әліпби «әлегінің» астында қалды. Осы тақырыпқа өз пікірін айтпаған адам қалмағандай. «Таксовать» етіп жүрген ағайыннан президенттің өзіне дейін ойларын айтты. Тиісті жарлыққа да қол қойылды. Дегенмен бұл әріптер мен дыбыстарды белгілеу әдістемесін жақтаушылар мен қарсылардың айтысы еместігін түсіну керек.

"«Зың әкім» өсті ме, өшті ме?" - Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласына әкім болып келген жылы жұртшылықты өзінің әйдік жобаларымен таныстырып, «егер осы жобаларды жүзеге асыра алмасам, онда бес жылдан кейін командаммен отставкіге кетемін» дегені есте қалыпты. Әкім дегеніңіз де пенде ғой. Осы уақытқа дейін Шымкентке табан аудармастан бес жыл бойы әкім болу ешкімнің еншісіне бұйырмаған еді. «Бәлкім, Әбдірахымовқа бұйыратын шығар» дегенбіз. Алайда Ғабидолла Рахматоллаұлының әкімдік дәуірі бұл мерзімнің жартысына да жеткен жоқ. Ал «Лас-Вегастан да әдемі болуы тиіс» қаланың әкімі халыққа берген уәдесінің тым құрыса жартысын орындай алды ма?» деген сауалға жауап табу дәл қазір қиындау болып тұр.

AZATTYQ.ORG. "Қырымды асырау қиынға әрі қымбатқа түсіп жатыр" - 2014 жылы Ресей аннексиялап алған Қырым түбегінің билігі аймақ тарихындағы алғашқы үш жылдық бюджет жобасын қабылдады. Құжатқа сәйкес, федералдық орталық бөлетін субсидиялардың ұлғаюының арқасында бюджет тапшылығы мүлде болмауы тиіс. Жоспарға сәйкес, аймақ кірісіндегі субсидия үлесі жыл сайын өсіп, 2020 жылға қарай 79 пайызға жетеді. Бірақ сарапшылар пікірінше, Қырымның экономикалық даму перспективасы тіпті Мәскеудің қолдауына қарамастан бұлыңғыр болып қала береді.

"Ауыл бюджеті дұрыс жұмсалатынына сенбейтіндер бар" - 2018 жылдан бастап Қазақстанда мыңнан аса ауылдың дербес бюджеті болады. Яғни, халық саны 2000-нан асатын ауылдардың әкімдері салық және салықтық емес түсімдерді жинап, елді мекеннің түрлі проблемаларын тұрғындармен кеңесіп шешеді. Ұлттық экономика министрлігі мәліметінше, Қазақстанның батысындағы 4 облыста осындай 400-дей ауыл бар. Олардың әкімдерін министрлік қарашаның 2-сі күні Ақтөбеге жинады. Форумға келген әкімдер сөзінен «дербес бюджет» реформасын алғаш болып іске асырудың оңай болмайтыны аңғарылды.

QAZAQTIMES.COM. "Жапондар неге қартаймайды?" - Жалпы Жапониядағы қариялардың қайсысымен сөйлессек те, өткенге өкінбеу, басқа түскен  қиындықты жүрекке жақын қабылдамау, жаман ойға берілмеу, үнемі алға ұмтылу және табиғатта жиі болуға тырысу туралы айтады. Жапон қарияларының өмір салтына қарасаңыз, Еуропа мен Америка ғалымдары айтып жүрген «адамның еңбек өнімділігі жасына байланысты, қартайғанда іскерлік қабілеті нашарлайды» деген теорияның әлемге ортақ қағида еместігін түсінеміз. 

ABAI.KZ. "Путин мен порножұлдыз сайлауда сайыспақ" - Есім-сойы күллі орыс жұртына мәшһүр порножұлдыз 2018 жылы Ресейде өтетін Президенттік сайлауға қатыспақ. Ол Кремль креслосына таласатынын ресми мәлімдеді.

"Əліпби жасау оңай, оны тілге қондыру қиын" - Осы күндері Байтұрсынов атындағы тіл институтына тарихында айтылмаған сын айтылып, айып тағылып жатыр.

365INFO.KZ. "«Қазақшаға өзің аудар…». Өскемендегі кооператив төрағасы не былықтырып жүр?" - Бұл не, басыну ма? Қай мемлекетте тұрады өздері? Қалай — қалай сөйлейді? Редакцияға хабарласқан Өскемен тұрғыны Айсұлу Қасенова Қазақстан заңын табанға таптаған сорақы жайттың басын ашыпты.

QAMSHY.KZ. "Мұхитдин Исаұлы: Жындар арамызда жүр. Олардың өздері құрған орталықтары бар" - Жындар, періштелер және шайтандардың бар болуына сенуге болады ма? Шынайы өмірде өзге әлем тұрғындарымен  қаншалықты байланысқа түсе аламыз? Екі өмірді де бірдей сыйлайтын Аллаһ Тағала «адамды не мақсатпен жаратты?» деген сұрақ бізден де бұрын талай жанды толғандырған. Бұл сауалдарды діни ағарту ісіне өз үлесін қосып келе жатқан Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, теология ғылымдарының докторы Мұхитдин Исаұлы Паттеевтен қойған едік…

AIKYN.KZ. "Есебі түгел ел болам десең…" - «Көбелектің кеселі – тұрақсыздық деседі» деп басталатын өлең жолдарымен қазіргі теңгенің халін суреттеуге болатындай. Таңғы асыңызды ішіп отырып, смартфон сырғытқаныңызда – төл ақша нығайып жатыр еді, ел жатар уақытта қайта әлсіреп кеткенін оқисыз. Доллар бағамының күн сайын құбылуы валютамызды титықтатып жіберді. Бұдан бөлек, Таяу Шығыстағы не бітпейтін, не қоймайтын соғыс, босқындардың Еуропа жағалап пана іздеуі, әлемдік алпауыт елдер арасындағы саяси талас-тартыстардың бәрі ғаламдық экономиканың ауанын өзгертпей қоймайды. Мұндай жер жүзін жайлаған өзгерістерге жұтылып, мемлекет қазынасын ортайтып алмас үшін – ішкі нарықты күшейту керек-ақ.

"Қолмен жазудың қандай пайдасы бар?" - Ұлылардың ғұмыры қашанда қыз­ықты. Өйткені танымал тұлғалар үнемі елдің назарында. Солай бола да береді. Шығармашылық адамы болса, олардың әрекеті тіпті әңгімеге жиі өзек болатыны ақиқат. Жазушы өзінің танымал туындысын қалай жазды? Бұл да – өзгені қызықтыратын нәрсе. Біреу уақыт талғамайды. Шығарма желісін ұзақ уақыт мида «қорытып» жүреді. Сөйтіп, әп-сетте отырып жаза салады. Бірақ оның ләззаты оқырман бағасын алғаннан кейін кө­рінеді. 

3 қараша 2017, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.