ZHASALASH.KZ. "Шоң сайлаудың 9 сабағы" - Айырқалпақты ел тұрғындарын ғана емес, қырғыз президенті Атамбаевтың аттанынан кейін барша қазақ жұртшылығын елең еткізген сайлау өз мәресіне жетті. Елдің жаңа президенті болып билік аянбай құлағынан сүйреген Сооранбай Жээнбеков сайланды. Бізге ұнасын-ұнамасын көршілес, еншілес елдің президенті осы кісі болады. Бұл, әрине, Атамбаев биліктен мүлдем кетіп қалды деген сөз емес. Осы сайлаудан бізге қандай сабақ алуға болады? Нені ұғынып, нені түсінуге болады?
"Толғанай Үмбетәлиева: билікке таласта барлық элиталық топтардың мүмкіндігі тең" - «Қазақстан мен Қырғызстан арасында туған түсінбеушіліктің негізгі түп тамыры екі түрлі саяси мәдениетте жатыр», – дейді саясаттану ғылымының кандидаты, Орталықазиялық демократияны дамыту қорының президенті Толғанай ҮМБЕТӘЛИЕВА. Қырғызстанның қазіргі президенті Атамбаев барлық ойынды ашық, жария түрде жүргізіп үйренген саясаткер болса, Қазақстан басшылығы әлі де кеңестік кезден қалған кулуарлы, жабық саясатты ұстанғанды құп көреді. Саясаттанушы Т.Үмбетәлиева екі түрлі саяси мәдениет арасындағы қайшылық қазіргі кикілжіңге әкеп соқтырды деп есептейді. Бұдан бөлек, саясаттанушымен арадағы әңгімеміз халықтың үкіметке деген сенімі, Қазақстандағы биліктің ықтимал ауысу жолдары, екінші президент болуға лайық үміткерлер төңірегінде өрбіді.
AZATTYQ.ORG. ""Олар бізді азаптап, қорлады"" - Осы аптада Петербург соттарында қазанның 8-і күні Дворец алаңында ұсталған белсенділердің әкімшілік үкімдерге қатысты апелляциялық шағымдары қарала бастайды, ал қомақты айыппұл салынып, бірнеше тәулікке қамалған белсенділердің өздері біртіндеп еркіндікке шығып жатыр. Ақпарат құралдары Алексей Навальный жақтастарының қазанның 7-сі күнгі наразылық акциялары, оның ішінде Петербургте бес мыңнан жеті мыңға дейін адам қатысқан митингі мен шеру жайлы көп хабарлады. Ал осы акциялардың салдары деп атауға болатын оқиғалар жайлы ақпарат мүлде аз.
"«Ауғанстаннан ана тілін білмейтін қазақ таппайсыз»" - Ауғанстанда тұратын этникалық қазақ Абдулрахиб Мүслімбек 1994 жылы Құндыз қаласында дүниеге келген. Өзі туып-өскен қаладағы жоғары оқу орынында құқықтану мамандығы бойынша 3-курста оқып жатыр. Абдулрахиб Азаттыққа Ауғанстан қазақтары жайлы айтып берді.
ABAI.KZ. "«Нұрлы Тіл» деген бағдарлама қабылдасақ қайтеді?.." - Кереку өңірі еліміздегі тіл мен діл майданындағы «ыстық нүкте». Біз бүгін сол қос тілді мекеннің көзі қарақты азаматтарын әңгімеге тартуға тырыстық. Сұхбатымыздың қонағы әйгілі Мәшһүр Жүсіптен қалған тұяқ - Ертай Қуандықұлы Мәшһүр Жүсіп.
"Ресми Астана енді ОА елдеріне басымдық беруі керек" - Атамбаев ТМД елдеріндегі элиталық қауымның "қол алмайтын" адамына айналды. Біздің елдің ішкі істеріне араласуы – оның ең сорақы іс-қимылы болып қала бермек. Екі елдің арасындағы тарихи "ауыр" кезеңдерді қозғауы, халықтарымыздың бірлескен болашағы үшін де орны толмас сызат болуы ықтимал. Дегенмен де, жақын болашақта, ол өзінің мақсатына жетті. Саяси технологтары, "сыртқы жауларға" қоғамды жұмылдыру тактикасын қолданып, сайлауда озып шықты. Ал енді, осы жағдайдан біз қандай қорытынды жасауымыз қажет?
365INFO.KZ. "«Клинтон, саған айтам, Трамп, сен тыңда!». Атамбаев енді АҚШ-қа шүйлікті" - Атамбаев айылын тартар емес. Енді ол америкалық саясаттанушы Майкл Макфолға соқтықты. АҚШ-тың экс-президенті Барак Обаманың көмекшісі Макфол баспасөзде «Қырғызстанда өткен сайлауда қазіргі президенттің үзеңгілес серігі жеңіске жетті», деген мәлімдеме жасаған-ды.
"Саясаттанушы Атамбаевтың неге шала бүлінгенін түсіндіріп берді" - Алмазбек Атамбаевтың амалы қалмады. Еріксіз Қазақстанға тиісті. Өйткені ол бәрімен ұрсысып қалды. Қырғыз элитасы одан теріс айналып кетті.
QAZAQTIMES.COM. "Қытайда XIX құрылтайдан кейін біртұтас «қытайлық ұлт» жасалуы мүмкін" - Қазақстанға көршілес елдерде ауқымды саяси өзгерістер рет-ретімен болып жатыр. Жылға жуық уақыт бұрын Өзбекстанда жаңа президент билікке келіп, елде бірқатар реформалардың қадамдарын жасады. Кеше ғана қырғыз елінде бесінші президенттерін сайлау науқаны болып өтті. Каспийдің оңтүстігінде жатқан Иран да президент сайлауы болып өтті. Біршама дипломатиялық келісімге жақын саналатын Хасан Рухани билігін сақтап қалғанымен АҚШ-пен болған қарым-қатынасы қайталай шиеленістерге ұласып барады. Сонымен бірге солтүстік іргеміздегі орыстар да АҚШ және НАТО елдерімен араздығы барған сайын күшейіп келеді.
INFORMBURO.KZ. ""Жұртта қалған" ғылыми-зерттеу институттары жұтап отыр" - Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттары негізінен Алматыда. Астана көшкенде жұртта қалған олардың қазіргі жағдайы ғалымдарды алаңдатып отыр.
BAQ.KZ. "Айсұлу Молдабекова: Ата-ананың кредитті төлей алмауы баланың санасына кері әсер етіп жатыр" - Соңғы кезде Алматы, Астана секілді ірі қалаларда балаларға арналған бизнес мектептері ашыла бастады. Ондай мекемелерге баласын ертіп баратын ата-аналар да көп көрінеді. Ата-ананың мақсаты белгілі – балам бизнестің не екенін түсініп өссін, ақшаның қадірін біле берсін дейді. Бизнес-мектептің де мақсаты айқын – әуелі клиент жинап ақша табу, сосын балаларға лайықты білім беру. Ал баланың миына кішкентайынан ақша деген ұғымды сіңіру, бизнес-жоба жасап үйрету, сақадай сай саудагер қылып шығару қаншалықты керек? Қаржылық тұрғыдан сауатты болу бүлдіршінге не береді? Осы сауалдарға белгілі әлеуметтанушы Айсұлу Молдабекова жауап берді.