Атырау, 24 қараша 08:45
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алиевтің автокөлігінен абай болыңыз!

2 352 просмотра

16 жастағы Галя әлі бала армандарымен қоштаспаған балауса қыз еді. 12 күннен соң алғашқы жалақымды алып, телефон сатып аламын деген тәтті қиялы да бар-тұғын. 2011 жылдың 3 шілдесі күні ол соңғы емтиханын «төртке» тапсырды да әдеттегідей жұмысына кетті. Жұмыс орны деп отырғаны қаладағы танымал кинотеатр жанындағы кафе болатын. Олардың ауысымы сол күні кеш шықты, қыздарды жалдамалы жүргізуші Адам Алифаизоглы АЛИЕВ өзінің Мерседес көлігімен апарып салмақшы болды. Оның ала құйын жүргізуші деген атағы бар еді, ол сол күні өзінің желікпе құмарлығына ие бола алмай, жолдың қарсы бөлігіне шығып кетті. Қарсы келе жатқан «Ниссанға» басқа жол қалған жоқ, ал, Алиев болса рефлекторлық соққыдан қашып, оң жақ бүйірін тосты... Артта үш қыз отырған болатын. Галя ЧЕБОТАРЁВА мен Венера СҮЛЕЙМАНОВА алған соққының салдарынан естен танып қалды, ал, жүргізушінің артында отырған Ксения РАЗВАРОВА басынан, мойнынан өте ауыр соққы алды, миы шайқалды. Бір таңқаларлығы, жүргізушіге бірде-бір сызат түспеді.

Жеті күннен соң сұлу да бақытты бойжеткен Галя өмірмен қош айтысты. Бір апта бойына ауыр жарақатқа қарамастан жас организм күресуге тырысты, алайда оны күрес деп айтуға да болмас, ол өкпені жасанды жолмен тыныстандыратын аппараттың көмегімен ғана демалып жатты. 

- Ал, кейін бізді дәрігерлер шақыртты,– деп әңгімелейді Галинаның анасы Светлана ЧЕБОТАРЁВА (суретте). – Оның температурасы көте-ріле берді:  40, 41, 42, 43 болды, артынша сағат 6.55-те қызым көз жұмды.

Сараптамадан: «өлім ми өзегінің желке саңылауына қысылып қалуы салдарынан миға қанның құйылуынан болған». Сұмдық жарақаттарды жүйелей отырып, қою шрифтпен жарты бет етіп толтырған: бас миының ісігі, құрсақ қуысының жарақаты, талақтың жарылуы, геморрагиялық есеңгіреу, тілінген жаралар, терінің сыдырылуы, зақым алу...

– Галяны жансақтау бөлі-міне алып бара жатқанда дәрігерлер: сіздің қызыңыздікі ештеңе емес, ал, екіншісі тірі қала ма, жоқ па белгісіз деген еді. Байғұс Венераның диаграммасы, өкпесі, бүйрегі жыртылып, сүйегі сынған екен, – деп еске алады Светлана.

 

«КСЮША, ОЛ ТАҒЫ ДА ЖҮЙТКІДІ МЕ?»

Ішкі органдарының айтарлықтай зақымдануы, бас сүйек пен миының жабық жарақаты және ми ісігінің ауыр зардаптарына, құйымшақтың жарақатына  қарамастан Венера есін жиды. Бір ай жансақтау бөлімінде, бір ай нейрохирургиялық бөлімшеде, одан кейін бірнеше ай қалпына келу терапиясы... Ол тіпті, аяғына тұрып, өздігінен жүріп дәрігерлерді таңдандырды. Қазір оның жасы 26-да, жол апаты болған күн есінде жоқ. Ол өзінің өткен өмірінен көп нәрсені ұмытқан. Ішінара амнизия оны көп нәрседен айырды: жеке өмірі күл-талқан болды - өзі ұнатқан адамы есінен біржола өшті, құрбыларын қиындықпен есіне түсіреді, жақын туысқандарын бірте-бірте тани бастады. Көзінің көруі нашарлады, үнемі бас ауруы мазалайды. 

- Ол өмірде қуанышты, адамдармен тіл табысқыш,– дейді Венераның немере апасы Жанар, – ал, қазір оны үйден шығара алмайсың, тек дәрігерге ғана барып келеді. Жүйкесі қатты жұқарған, ашуланғыш, бұрын кішкентай балаларды  жақсы көретін, ал, қазір баладан қашады. Бауырымыздың осындай күйге түскеніне  қынжыламыз. Әлгі Алиев Венера ес-түзсіз жатқан кезде аураханаға келіп-кетіп жүретін, кейін ол есін жиған кезде мүлдем жоғалды. Ол өкініш білдіріп, қиналмақ түгілі, тіпті, кешірім сұрауға да жарамады! Кейін бізге Галя Чеботарёваның апалары оған Венерадан ең болмағанда  кешірім сұрау керектігін айтқан кезде оларды балағаттап, науқастың жағдайы оны мүлдем алаңдатпайтынын жеткізген. Түсінесіздер ме, Венераны іс жүзінде толық жетім деп айтуға болады, оны қамқоршы ағасы, яғни, менің әкем тәрбиелеп отыр, ал, біздің ата-аналарымыз қаладан алыста, ауылда тұрады, бәлкім сұраушысы жоқ деген  себепті де ол өзін кінәлі емеспін деп сезінетін болар... Ксения Разварованың көрер жарығы бар екен, оны дәрігерлердің өздері айтты. Оның денсаулығына келтірілген залалдар «ауыр» санатқа жатқанымен оған гипс салып, бірнеше күннен кейін үйіне шығарып жіберген.

- Мен бір өзім ғана куәгермін: Венера болса ештеңені есіне түсіре алмайды, Галя болса жоқ. Ол менің бірінші жұмыс күнім болатын, біз үшеуміз бірге жұмыс істейміз деп қатты қуандық, – деп әңгімелейді Ксения. – Бұл жүргізушіні ешқашан көрген емеспін, бірақ, таңертеңгісін палатаға біздің әкімшіміз Сәуле келген кезде бірден менен: «Ксюша, ол тағы да қатты айдады ма?» - деп сұрады. Жұрттың бәрі оның көлікті өршілене, желігіп айдайтынын біледі. Бұрын сол жерде жұмыс істеген қыздар да оның бұдан бұрын да өзі тасыған адамдарының өмірін қатерге тіккендігін айтуға дайын болды.

КӨПТІҢ КӨЗАЙЫМЫНА АЙНАЛҒАН

Алайда, сот болған жоқ. 2011 жылдың шілде айының басында болған ЖКО бойынша көтерілген қылмыстық іс кезекті желі (қарсы жолға шығып кеткен жүргізуші Алиевтің кінәсі) бойынша 2012 жылдың қаңтарындағы рақымшылыққа дейін ғана созылды. Сөйтіп, Әзірбайжан азаматы Адам Алиевке қатысты іс толық заңды негізде тоқтатылды.

Жол апаты дейін. Ксения РАЗВАРОВА мен Галя ЧЕБОТАРЕВА.Қазақстан Алиевке баяғыдан-ақ екінші Отанына айналған еді – бұл жерде оның отбасы, балалары, бизнесі, диаспорада беделді достары мен оны көңілдеріне жақын тұтқан ішкі істер қызметкерлері де бар. Олай демеске амал жоқ, өйткені, ЖКО-да адам өлімі орын алғаннаан кейін екі айдан соң бұл фактінің тергеу органдарының еш қызығушылығын туғызбағандығын қалай түсіндіруге болады? Біздің қолымызда Алиевке қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмесі бар, онда қылмыстық іс «2011 жылдың 3 қыркүйегінде» қозғалды деп жазылған. Алайда, жәбірленушілердің туысқандарында қылмыстық істі қозғау күніне байланысты мүлдем басқаша мәліметтер бар:

-Ешқандай да іс болған жоқ, бізді тіпті, ІІД ғимаратының ішіне кіргізген де жоқ, бұл қылмыстық іс өндірісі туралы ешқандай мәліметтерді хабарлаған жоқ. Біресе басшылары орындарында болмайды, ертең келіңдер деп шақырды, біресе арыз ортақ түрде барлығынан болу керек, сол себепті  Венераның өзіне келуін күту керек деді. Мен қызымның 40 күндік қадесіне дейін үйден ешқайда шықпадым, оның соңынан жүретіндей халде болғаным жоқ,  ал, Разваровтар мен Сүлеймановтардың арызын біздерден, яғни, Чеботарёвтар жоқ деген желеумен қабылдамаған – дейді Светлана Чеботарёва. – Осылайша, түк бітіре алмастан біз енді бірігіп облыстық прокуратураға бардық. Прокурорға жолыққаннан кейін бізді ІІД ақыры қабылдады. Бірақ, көздерін төңкере отырып: «біз бұл мәселе екі тараптың мәмілеге келуі бойынша жабылды деп ойладық!» деп мәлімдеді. Сол жерде-ақ арыз жазып қалдыруымызды сұрады, міне, 30 қыркүйекте қол қойылған арызымыз қолымызда. Ал, 3 қыркүйек деген күннің қайдан алынып жазылғандығы белгісіз. Барлық жәбір көрушілерденортақ арызды сұраған мынау ғажап талапқа қатысты түсінік беруді сұраған заңгерлер бұл туралы алғаш рет естіп отырғандықтарын айтты.

-Әрбір жәбірленуші өзі үшін арызданады. Егер факті ортақ болып, арыз жазылған күн бір-біріне жақын болса, онда оларды әдетте жеке өндіріске бөледі де, осылайша істі біріктіреді. Алайда, ол үшін ортақ арыз жазу міндетті емес. 

 

КӨЗГЕ ТҮСЕТІН КӨЛІК

Мен ІІД-не редакция атынан сауалнама жолдадым, алайда, БАҚ заңында көрсетілгендей, 3 күнде келуге тиісті жауапты бір ай күтуге тура келді. Алайда, тергеу ісін жүргізу мерзімінің негізсіз ұзартылуына қатысты сауал сол күйі жауапсыз қалды. Жәбірленушілердің туысқандарын да дәл осы факт ашындырып отыр:

– Алиевке тағайындалған бап қалай болғанда да рақымшылыққа ілігіп, қаңтарда күшіне енді. Егер тергеу ісі сөзбұйдаға салынбай жүргізілген жағдайда, ол қыркүйекте сотталған болар еді, қандай болса да жазасын алып, өз кінәсін аз да болса сезінген болар еді, ол тіпті, әлі де көлігін жүргізуді жалғастырып келеді! Ол тағы да адамдардың өмірін қияды, бірақ, көр де тұрыңыз жаңа бір рақымшылыққа ілігіп қалар, – деген пікірде Чеботарёв, Разваровтар мен Сүлеймановтар отбасы.

ІІД жауап алу басқармасы бастығының орынбасары Нығымет МУТИГУЛЛИННІҢ айтуынша, Алиевтің жүргізушілік куәлігі тәркіленіп алынған. Алайда, оған бұл  ЖКО-нан кейін де өзін рөлде керемет сезінуіне кедергі келтірген емес. Ал, бұған оны қала көшелерінен бірнеше рет көрген адамдар куә.

- Иә, оны барлығы біледі, қалада тек оның өзінде ғана ескі болса да күңгірт түсті Ламборгини көлігі бар, мен оны осы көліктің рөлінде отырғанын өз көзіммен көрдім, – дейді қаза болған Галинаның апасы  Ксения ЧЕБОТАРЁВА. – Ал, дәл кеше ғана оны басқа бір машинаны күңгірт-қызыл түсті мемлекеттік нөмірі МКМ Крайслер машинасын жүргізіп бара жатқанын көрдім.

Бір қызығы, шетелдік мемлекеттің азаматы Адам Алифаизоглыға достай болған  Атырауда  төлқұжаттың қажет болмағаны соншалық, оның ІІД-нде жатқанына бір жыл болды. Бәлкім, ол екінші төлқұжатты алып үлгерген болар?  Олай болуы да мүмкін, өйткені, ІІД қызметкерлері өздерінің шығарған қаулыларында шатасып отыр: онда Алиев біресе 1975 жылы туған болса, бір-екі сөйлемнен кейін оның туған жылы 1968 жылы деп жазылады.

Бәлкім ол біздің өлке үшін ендігі шетелдік азамат болмас деген оймен мен көші-қон қызметі арқылы тексеріп көрдім. Қазақстан аумағында бес құжат түрінің бірі болған жағдайда тұлға заңды болып танылады. Алайда, Алиев мырзада Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты, жеке бас куәлігі, шетелдіктің мекендеу қағазы, не азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі, не қашқын куәлігі жоқ болып шықты. Ал, көші-қон полициясында ол соңғы рет жаңа келген тұлға ретінде 2011 жылдың шілдесінде тіркелген. Қолданыстағы нормаларға байланысты шетелдік қонақ айына екі рет тіркелуге тиісті.  

 

ЖАЗАСЫЗ ҚЫЛМЫС

- Ол қаншама қыршын өмірді қиды, – дейді Светлана басын шайқай отырып. Ол дыбысын шығармастан егіліп отыр. Мен де үнсізбін: өзінің сүйкті кенжесінен айрылып қалған ананың көңілін қайтіп жұбатарсың? Осындай сәттерде айтар сөз қай тілде де жоқ секілді, әлде мен ол сөздерді білмеймін бе?! Тыныштықты Светлананың өзі бұзды:

- Менің кішкене ғана балапанымның өлімі үшін ешкімнің жазаланбағанын адамдарға қалай түсіндіруге болады? Жас шыбықтай өсіп, бәрімізді қуанышқа бөлеген ботақаным, енді міне, қара жердің құшағында. Кеше бар да бүгін жоқ, сұраусыз заттай көзден кетті. Біздің жердегі сотымыздан әділдік таппадым, жазасын Құдай берер деп сиындым. Әлі де жазасын алар!

Құдайдың жазасы құтқармайды дейді. Дегенмен, бұл өмірде анықтылықтың болғанын кім-кімде қалайды. Осы орайда мынадай мәселе туындайды: кісі өлімі болды, ал, құқық қорғау органдарының оған селқостық танытуын қалай түсінуге болады? Ауруханалардан барлық мәліметтер міндетті түрде ІІД-не түседі. Адам өлімінің фактісі бойынша міндетті түрде сот-медициналық сараптама тағайындалады. Ал, оған 20 күннен артық уақыттың берілгендігін қалай түсінуге болады? Әдетте, бұл 5 жұмыс күнін ғана алады. Сараптама қорытындысы бойынша қылмыстық іс қозғалады. Неліктен ол өз уақытында қозғалмаған?  

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА,

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ және Чеботаревтар отбасының мұрағатынан алынды

 

Светлана ЧЕБОТАРЁВА:

- Істі рақымшылық заңы күшіне енетін уақытқа дейін қасақана сөзбұйдаға салып, созып келген. Біздің ісіміз бойынша тағайындалған жауап алушылар мен тергеушілер осы уақыт ішінде төрт рет ауысты, оның бәрін олар қылмыскерді жауапқа тартудан алып шығу үшін істеген.

18 сәуір 2012, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.