Атырау, 24 қараша 09:11
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Саудагердің өз есебі бар

2 734 просмотра

Тасып әкелінетін көкөністердің нарықтық бағаларын  зерттеген атыраулық салық қызметкерлері кей жағдайларда саудагерлердің қосатын үстеме бағалары 200-300 пайызға дейін құрайтынын анықтады.

Мәселен, Ресейден әкелі-нетін картоп атыраулық көтерме саудагерлерге орташа алғанда бір келісі 12 теңгеден түседі. Көлік шығындарының, қосылған құн салығының төлемдерін есептегенде өзіндік құны орташа алғанда 20 теңгеге дейін өседі. Көтерме саудамен айналысатындар бұл картопты 50-55 теңгеден (үстемесі 175 %) өткізеді, ал бөлшек саудада ол 60 теңге тұрады. Осылайша көтерме саудамен айналысатындардың өзіндік құнға қосатын үстемесі 200% құрайды.

Атырауға Ресейден импортталатын сәбіздің бір келісінің бағасы – орташа алғанда 22 теңге. Көлік шығындары мен қосылған құн салығын есептегенде өзіндік құны – 31,4 теңге. Көтерме саудадағы бағасы – бір келісі үшін 50 теңге (өзіндік құнға үстеме 59 %), бөлшек бағасы – 65 теңге (үстеме 107 %-ға жетеді). Импортердің бастапқы бағасынан бөлшек бағаға дейін үстеме 195 % құрады.

Ресейлік пияз бен орамжапыраққа үстеме ондай жоғары емес, дегенмен де, импортталатын пияз бен орамжапырақтың бір келісінің бастапқы құны орташа алғанда 15 теңге. Өзіндік құны - 22 теңге. Көтерме саудагерлер орамжапырақты 50 теңгеден өткізеді (өзіндік құнға үстеме 127 %), тұтынушы орташа алғанда 55 теңгеден сатып алады (үстеме 150 %). Бастапқы баға бойынша жалпы үстеме 267 % құрайды. Бір келі пияздың құнына (бөлшек бағамен 50 теңге) ақырғы үстеме 233% құрайды.

Бұл жерде саудагерлердің басқа да бірқатар шығындары – жүкшілерге төлейтін ақысы, көкөністердің бір бөлігінің жолда бұзылатындығы және т.б. ескерілмегені түсінікті. Алайда осының бәрін есептегенде көтерме сауда бағалары бастапқы бағамен салыстырғанда шамадан тыс жоғары.

Ресейлік картоптардан басқа, Атырау базарларында бір келісі 62 теңгеден қарағандылық картоп пен келісі 85 теңгеден пәкістандық картоп сатылуда. Ал, жергілікті пияз бен Ресейден әкелінген пияздың бірдей бағамен сатылуы қызық жағдай.

Тамара СУХОМЛИНОВА

18 сәуір 2012, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.