Атырау, 7 қараша 14:33
 қар жаууы ықтималВ Атырау +3
$ 492.14
€ 528.85
₽ 5.01

Елді Мавроди елесі кезіп жүр

2 152 просмотра

Сергей МАВРОДИДІҢ екінші қаржылық пирамидасы  Ресейде, Украинада және Қазақстанда елеусіз түрде кеңінен өрістеуде. «Аз тәуекелмен» мол ақша алу идеясына шабыттанғандар Атырауда да пайда болыпты.

ОТТЫ ЖАНАРЛАР

Мавродидің Атыраудағы еріктілері, Айдар мен Александр есімді жас жігіттер бізбен кездесуге келіскен еді. Олардың пікірінше, күндердің күнінде дүниежүзілік қаржы жүйесіне төңкеріс жасайтын МММ-2011 желісі туралы сағаттап айтуға бар. Олармен әңгімем қарама-қайшы сезімдер қалдырды: жігіттердің миын мықтап тұрып айналдырып тастаған немесе әлде осы үш М әрпін айтқанда көздерінде ұшқындайтын от шынымен де Сергей Пантелеевичке шынайы сенгендіктерінің белгісі болуы керек.

Мавродидің шынымен де қандай адам екендігі туралы – дүниежүзілік қаржы жүйесіне кезенген қаржы кемеңгері ме, әлде халықтың оңай олжаға деген әуестігін пайдаланған алаяқ па деп ұзақ дауласуға болады. Алайда өткен жылы өзінің жаңа қаржылық пирамидасын іске қосқан кезде, ол велосипед ойлап шығармағаны факт.

Абақты орындарында жаза мерзімін өтеп келген Мавродидің ойланатын уақыты жеткілікті болды. Қазір ол өз салымшыларын МММ-2011 – ең шынайы қаржы пирамидасы, мұндай пирамидалары қаржы саулығы үшін қауіпті дегенді ашық ескертеді. Ешқандай кепілдік пен уәделер беріп отырған жоқ. Пирамиданың алдыңғы қатысушыларына ақшалар тек келесі қатысушылардың есебінен ғана төленеді. Бұл жерде ешқандай басқа табыс көзі жоқ. Егер кімде-кім ақшасыз қалса (ал бұл кез-келген қаржы пирамидасында ерте ме, кеш пе, орын алуы сөзсіз), тек өзіңді ғана кінәліауға тура келеді.

 

БАР ДА ЕМЕС, ЖОҚ ТА ЕМЕС

МММ-2011 жүйесін іске қосқан Мавроди анағұрлым қулық әрекет жасады. Ол ЖК де, ЖШС де, АҚ да тіркеген жоқ. Ол виртуалды «мавроға» ақша салған адамдар бір-біріне қол ұшын береді дейтін «өзара көмек клубын» құрды. Бұл жолы Мавроди интернетпен қаруланды. МММ-ге тарту және барлық қаржы операциялары дүниежүзілік ғаламтор арқылы жүргізіледі. Мұндай виртуалды пирамиданың ерекшелігі - қаржы алушының құпия боп қалу мүмкіндігі боп табылады. Ал бұл ақша ағымына бақылау жасауды, заңды жауапкершілікке тартуды әжептәуір қиындатады. Нәтижесінде салымшыларға ақшаны қайтару мүмкін болмайды.

Атырауда МММ-2011 агенттерінің мәліметтері бойынша, мыңдаған адам осы жүйеге тартылған. Сергей Мавродидің ресми сайтында салымшылар саны туралы хабарламада барлығы 25 млн адам белгіленген.

 

ҰЛТТЫҚ БАНК ЕСКЕРТЕДІ...

Ал, Мәжіліс депутаттары Қазақстанда заң деңгейінде қаржы пирамидаларының қызмет етуіне тыйым салу туралы ұсыныспен шыққан еді. Депутаттар МММ-2011-ге байланысты қаржы пирамидасы жөнінде еске түсірді. Қазіргі кезде біздің заңнамамызда қаржы пирамидасының түсінігі жоқ, онда электронды ақшаның заңсыз айналымы деген де түсінік жоқ. Алаяқтығы үшін жауапкершілікке тарту тек заңды тұлғаға қатысты ғана мүмкін болады. Ал МММ-2011 секілді заңды тұлға Қазақстанда да, басқа елдерде де жоқ.

Қазақстанның Ұлттық банкінің Қаржы нарығы мен қаржы мекемелерін бақылау және қадағалау комитеті азаматтарға қырағы болуды және Мавроди ұйымымен серіктесіп жұмыс істеген кезде қаржыларын жоғалту қаупі туралы ескертеді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

12 сәуір 2012, 00:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.