ZHASALASH.KZ. "Астана АЛАШТЫ неге жақтырмайды?" - Өткен аптада Семейде ел асыға күткен Алаштың көрнекті қайраткері Әлихан Бөкейханның ескерткіші ашылды. Қала халқы үшін ғана емес, бүкіл қазақ үшін шексіз қуаныш сыйлаған айтулы оқиғаның тарихи мән-маңызы туралы тәптіштемей-ақ қоялық. Ең бастысы, Әлихан ескерткішінің қала орталығында асқақтап тұратыны семейліктердің дәл осы күнгі қуанышының бастысы болды деуге әбден болады.
"Жерді арзанға алып, қымбатқа сату..." - Былтыр биліктің жерді жаппай сату, шетелдіктерге жалға беру мерзімін ұзартуға бүкіл халықтың жаппай қарсы шығып, соның нәтижесінде президенттің заңға мораторий жариялағаны белгілі. Жерге келгенде қазақтың осындай қайсар мінез танытатыны рас. Дәл осындай жүрек елжіретер отаншылдық сезім біздің билікте, соттардың бойынан табылмайтыны өкінішті.
AZATTYQ.ORG. "Президент сайлауында қыза түскен айтыс-тартыс" - Орталық Азия елдерінің арасында Қырғызстанның сайлауы басқаша өтеді, алдағы президенттік сайлау соған тағы бір дәлел болмақ. Тамыз айының басында 59 адам президент болудан үміткер еді, қазір олардың 11-і қалды, сайлау өтетін қазанның 15-іне қарай саны тағы азаятын сияқты.
QAZAQTIMES.COM. "АҚШ пен Солтүстік Корея жанжалды соғысқа дейін жалғастырмақ" - Бір аптадан бергі екі ел арасындағы бір-біріне жолдаған диалогтар мен кекесін жауаптарға сараптама жасай келе, «The Wall Street Journal» басылымы АҚШ пен Солтүстік Корея өліспей беріспейтін күйге жетті деп жазды.
ABAI.KZ. "Анкарадан жеткен үн. Қаріпке Сталиндік зауал" - Қазақ елінің латын әрпіне көшуіне қатысты белгілі лингвист, түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Бижан Ержиласун өзіндік ойын білдіріп, біздің порталға арнайы жіберіпті. Түрік тілінде жазылған материалды Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Шығыс филологиясы факультетінің доценті Ерғали Есбосынов аударып, ғалымның ойы қазақ оқырмандарына жетуіне өз үлесін қосты.
QAMSHY.KZ. "Білім және ғылым министрлігін ата-аналардың қалтасы алаңдатпайды" - Биылғы оқу жылы үлкен даумен басталды. Мектептерде оқулықтардың жетіспеушілігі, әрі қымбатшылығы қоғамды дүрліктірді.
AIKYN.KZ. "Отандық логистика инновацияға дайын ба?" - Кейінгі кезде инновациялық технологиясыз кез келген саланың дамуын елестету мүмкін болмай барады. Соның бірі – логистика. Біздің қоғамда желі арқылы бір қаладан екіншісіне «сәлемдеме» беріп жіберу үшін таныстардың арасынан «тегін курьер» іздегендерді жиі кездестіреміз. Логистикасы дамыған мемлекеттерде адамдар мұндай ұсақ-түйек үшін де кәсіби мамандардың көмегіне жүгінеді. Бір жағынан, ондай елдерде мұндай сервис сапалы жедел қызмет көрсетеді. Бізде ше? Бүгін еліміздегі «инновациялық логистиканың» статусын анықтап көрелік. Оның қоғамға тигізер пайдасы қандай немесе қазақстандық логистика нарығы өзгерістерге дайын ба?
EGEMEN.KZ. "Күн сайын қанша мөлшерде су ішесіз?" - Ал адам денесінің, шамамен алғанда, үштен екі бөлігі судан тұратынын білесіз бе? Ми жасушаларының 85 пайызы су. Оны айтасыз, адам сүйегінің де 25 пайызы судан тұрады. Су – өмір нәрі. Адам ағзасындағы су ұдайы қозғалыста болып, жаңарып отыруы тиіс. Мамандардың пікірі осындай. Атағы алысқа кеткен Иран дәрігері Ферейдун Батмангелидж судың адам өмірі үшін қажетті бірнеше қасиеті бар екенін айтқан болатын. Су сүйек буындары ауруларының алдын алып, иммун жүйесін жақсартады, қанның қоюлануына, жүрек және ми тамырларында қан қатпарларының қатып қалуынан (тромбы) сақтайды. Мидың жақсы жұмыс істеуіне де судың пайдасы зор.