Атырау, 19 желтоқсан 14:12
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Бүгінгі білім министрі «шахид белдігін» таққан жанкешті", "Діни фанатизм рухани жаңғыруға кедергі келтірмей ме?", "Латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиі және unicode жүйесі", "Түркіменбашы "Желтоқсан желі" әнін ұрлап алған ба?"

2 369 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Бүгінгі білім министрі «шахид белдігін» таққан жанкешті" - Жақында сенат ұйымдастырған «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық реттеу перспективалары» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауларда осы саланың екі аяғынан ақсап, ұлтымыздың болашағына тікелей әсер ететін ең маңызды министрлік басшылығы сынға алынды. Сынайтындай жөні бар. Алайда, біздің ойымызша, көптеген өзекті мәселелер мен қордаланған сұрақтар мүлдем қозғалмаған сияқты. Оларды айтпай, тілге тиек етпей, шешу жолдарын көрсетпей білім-ағарту саласының түзелуі екіталай дүние.

Егер ұлтымыздың болашағын баянды қыламыз, көкжиегін ашамыз, білім-ағарту саласының мерейін арттырамыз, бақ қондырамыз дейтін болсақ, кем дегенде бірнеше мәселені ашық, анық айту, талқылау борышымыз бен міндетіміз.

"Қазақ көшінің алдындағы кезекті ор немесе «үкіметтегі бесінші колонна қайда отыр?»" - Қазақстан үшін шетелдегі қазақты атажұртына қайтару стратегиялық аса маңызды саясат екенін біздің үкімет ұқпай-ақ қойды. Қашан көрсең үкіметтің қазақ көшінің алдынан кесе-көлденең тартатын бір арқаны дайын тұрады, әйтеуір. Кім ойластыратыны, қайдан шығаратынын білмейсің.

AZATTYQ.ORG. "«Ұлтың не әлеуметтік ортаң емес, кәсібилігің ескеріледі»" - Біріккен Араб Әмірліктерінде химик-инженер мамандығы бойынша жұмыс істейтін қазақстандық Бахтияр Худайбергенов «қазір жастардың көп уақыты әлеуметтік желіде өтіп жатыр. Соның кесірінен университет бітіргенде «әттең» дейтіндер көп» дейді. Ол Азаттыққа шетелдік компанияға қалай кіргенін, болашақ жоспарларын әңгімелеп берді.

"Суицидтің алдын алу психолог көмегіне жүгінуді көбейтті" - Қазақстанда ЮНИСЕФ қоры мен денсаулық министрлігінің қолдауымен кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу бағдарламасын енгізіп жатыр. Жергілікті кей сарапшылардың мәлімдеуінше, қазақстандықтар психологиялық көмекке көбірек жүгіне бастаған.

QAZAQTIMES.COM. "Өзбекстанның латын әліпбиіне өтуі немесе Қазақстан неге өзбек қателігінен сабақ алмай отыр?" - Қазақстан латын әліпбиіне 2025 жылы өтуге байланысты дайындық жұмыстарын бастағалы бері бұл тақырып ел ішінде қызу талқылануда. Осыған байланысты қазақ жұртшылығы көптеген елдердің латын әліпбиіне көшу тәсілі мен тәжірибесіне баса назар аударуда. Оған себепте жоқ емес. Өйткені бір алфавиттен өзге бір әліпбиге өту өте күрделі процесс. Түркі тілдес елдердің ішінде Түркия, Әзербайжан сынды мемлекеттер латын әліпбиіне аса бір қиыншылықсыз өткені белгілі. Бірақ Өзбекстан әлі күнге дейін қос әліпбиді (кирилл және латын) пайдаланып келеді. Біз бүгін осы Өзбекстан елінің неге осы уақытқа дейін латын әліпбиіне көше алмай келе жатқандығына жауап іздеп көруді жөн көрдік.

"Діни фанатизм рухани жаңғыруға кедергі келтірмей ме?" - Дін мәселесінің өзектілене түсуі, оның қоғамдық болмыстың барлық салаларына әсер ететін күшті геосаяси факторға айналуы, қоғамды құраушы жекелердің, мемлекеттің оған деген жаңа қатынасын қалыптастыруға итермеледі. Яғни, дін бұл күнде өзінің дәстүрлі қызмет ету аймағынан алқып шықты. Оған технологиялық прогрестің әсері болғанын да мойындаймыз. Себебі, дәстүрлі діни орталықтар қатынастың жаңа құралдары арқылы өз қызметін бұрынғыдан да табысты атқаруға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде діннің қоғамдық рөлі артты. Бұл ең әуелі азаматтардың наным-сенім еркіндігі мен мемлекет басқару ісіне белгілі деңгейде қиындықтар тудырып отырғаны жасырын емес.

INFORMBURO.KZ. ""Аналар үйіне" қалай тап болады? Немесе жалғызбасты ана атанудың азабы" - Қазақстанда жиырма бес "Аналар үйін" 300-ге жуық ана мен бала паналап отыр. Мұнда төрт жылдан бері 2810 бала жетімектің күнін кешпей, ана мейіріміне бөленіпті.

TENGRINEWS.KZ. "Латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиі және unicode жүйесі" - Әліпбиіміздің латын қарпіне көшуіне байланысты әлеуметтік желі мен БАҚ-та пікірталас, ақпарат кеңістігінде толқу туғызып жатқан мәселенің ең бастысы әліпбидегі әріп құрамға қатысты болып отыр. Көптеген әліпби нұсқасы көрсетіліп, түрлі топ өз идеясын ұсынып жатыр.

ABAI.KZ. "Түркіменбашы "Желтоқсан желі" әнін ұрлап алған ба?" - Біз бүгін түркіменнің талантты басшысы Гурбангулы Бердібұхамедов туралы сөз қозғамақпыз. Дәлірек айтсақ, Түркіменбасының композиторлық қыры әм қазақ музыкасының құдыреті жайлы жазамыз.

QAMSHY.KZ. "Германиядағы Парламент сайлауы: еуроскептицизм" - 2017 жылдың 24 қыркүйегінде Германияда 19-шы рет федералды Бундестагтың Парламент сайлауы өткізілді. Exit poll нәтижесі бойынша Бундестагтағы 690 орынның 33%-ы Ангела Меркель басшылық ететін ХДП партиясына (Христиан Демократиялық Партиясы), 20,6%-ы бұрынғы Еуропарламент  депутаты Мартин Щульц басшылығындағы социал-демократтарға бұйырса, үшінші көпшілік 12,6% дауыс көрсеткішімен оңшыл популисттердің «Германия үшін Альтернатива» партиясына бұйырды. Қалған 206 орын сәйкесінше парламентке кіруге қажетті пайыздық межедан аса алған партиялар – либералды Тәуелсіз Демократиялық Партия (ТДП), Солшылдар партиясы мен Жасыл партия иеленді.

"Рухани жаңғыру экстремизммен күрестің балама жолы ретінде" - Қазіргі әлемде үлкен қозғалыстар мен арпалыстар, күрестер мен теке-тірес толастар емес. Күнделікті хабаларлардың басым бөлігі жағымсыз сипатқа құрылған. Сол қайшылықтар мен дүрбелең үдерістердің арасында белсенді де белді орын алып отырған мәселе лаңкестік мәселесі. Біреулер жеңіп, біреулер жеңілетін кескілескен ұрыс салатын дәуірлерден өткеніміз қашан. Қазіргі әрбір халық, әрбір ұлт өзінің мемлекетін құрып, тәуелсіздігін сақтап, әлемдік қауымдастықта жеке-дара мемлекет болып қалыптасу жолында күш-жігерлерін аямауда. Халықаралық келісімдер мен үлкен алпауыт одақтар осының кепілі іспетті қызмет атқаруда.



26 қыркүйек 2017, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.