Атырау, 5 қазан 01:39
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Сынама қорытындысын күтеміз

2 263 просмотра

Маңғыстау облысындағы 35 итбалықтың қырылу себебі әлі анықталған жоқ.

Естеріңізге салсақ, 25 наурызда теңіздің жағалау бөлігінен маңғыстаулық балық қорғау инспекторлары итбалық күшіктерінің өлі денелерін тауып алды. Мамандар олардың таяуда ғана, 1,5-2 апта бұрын өлгенін растап отыр.

– Ветеринарлық зертхананың жергілікті филиалы үш итбалықтың өлі денесінен сынама алды. Бір бөлігін өздеріне қалдырды, анализдерді өздері жасайтын болады, ал бір бөлігін Алматыдағы ветеринарлық зертханаға жолдады, олар да сол жерде өз анализдерін жасайды, - деді телефон арқылы Маңғыстау балық қорғау инспекциясы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Салауат СЕЙІТОВ. – Әзірге қорытындылары белгісіз. Сондай-ақ, біздің шақыртуымыз бойынша 27 наурызда Алматыдағы Микробиология және вирусология институтының екі қызметкері келді. Біз оларды өлі итбалықтар табылған жерге апардық. Олар сол жерден зерттеу үшін сынамалар алды. Әзірге оның да қорытындылары шыққан жоқ. Қазір бізде Маңғыстау облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мәліметтері бар. Олардың қызметкерлері су мен су түбіндегі шөгінділерден сынама алды. Алайда ластаушы заттектердің рұқсат етілген шекті мөлшері концентратының асқандығы анықталған жоқ.     

Әдетте күшіктеу кезеңі өтетін теңіздің солтүстік бөлігінде не боп жатқаны белгісіз. Жергілікті Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басқармасының қызметкерлері тағы да техниканың жоқтығына сілтеді:

– Бізде аралап ұшып шығуға мүмкіндік жоқ. Аджипте тікұшақ бар, солар тексереді, бірақ біздің адамдарды бортқа алмайды, - дейді ихтиологиялық мониторинг және балық аулауды реттеу бөлімінің бастығы Мәншүк КЕНЕШОВА.

Бұл мәселе жөнінде әзірге білгеніміз осы.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

5 сәуір 2012, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.