Атырау, 19 желтоқсан 13:47
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Құпияның кілті: НАРТАЙ ДҮТБАЕВ ПА?", ""Астана ЕХРО" мен қырғыздың "Көшпенділер ойынын" салыстыру", "Латынға қарсы қайраткерлер нені ескермей отыр?", "Шырылдауық шегіртке немесе ерке-шолжаң ЭКСПО туралы", "Солтүстік Кореяның болашағы жоқ"

2 403 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Қазақ-өзбек қатынастары президенттеріне тәуелді»" - Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримов қайтыс болғалы Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстанның жаңа лидері Шавкат Мирзияевтің кездесуі жиіледі. Сарапшылар Орталық Азиядағы екі постсоветтік республиканың арасы «жақындай бастағанын» айтады.

""Астана ЕХРО" мен қырғыздың "Көшпенділер ойынын" салыстыру" - Саяси ғылымдар кандидаты, Орталық Азия елдерінің әлеуметтік даму саясатын зерттеуші Әсел Мурзакулованың "Астана ЕХРО" көрмесі мен дүниежүзілік көшпенділер ойынынан алған әсерлері жайлы блогы.

ZHASALASH.KZ. "Құпияның кілті: НАРТАЙ ДҮТБАЕВ ПА?" - Қазақстан биліктің ауысу кезеңіне жақындаған сайын кланаралық «соғыс» алаңындағы «шайқастар» қыза түскендей. Сырт көзге тұтқындалып, әлдебір қылмысы үшін сотталғандай болып көрінетін бұрынғы лауазым иелерінің ісінде тәуелсіздіктің ширек ғасырындағы небір құпия жағдайлар бар делінеді. Делінетіні, ондай қылмыстық істердің тергеуі де, соты да жабық өтеді. Өткенде сондай өте жабық істің қорытындысы қоғамға араға екі апта салып әрең жетті. Ол – ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың ісі.

"«Латынға өту – заман көшіне ілесу»" - Латын әліпбиінің нұсқасы мәжілісте таныстырылғаннан бері қоғамдық пікір қызып тұр. Әйтеуір, кириллицадан кетпейміз, латынға көшпейміз деп жер тепкілеп жатқан көпшілік жоқ. Бірақ жаңа әліпбиде бір дыбыс – бір әріп қағидасының бұзылғаны біраз жанның көңілін күпті қылып тұрғандай. Жұртшылық пікірі бұл қалыптағы әліпби нұсқасы қабылданса, тіл заңдылығы бұзылады дегенге саяды. Қазақтың қазіргі жазуында бір таңбаны екі-үш әріппен қосарлап беру жоқ. Содан болар, ә, ө, ғ, ң, і, ү, ұ, қ әріптерінің латын әрпінде екі-үш таңбамен жазылуы әзірге көзге оғаш көрінгендей. Жалпы, латынға сүйенген шет тілдер әліпбиінде мұндай үрдіс бар. Өзімізге жақсы таныс ағылшын, неміс, француз тілдерінде бұл заңдылық кездеседі. Демек, депутаттарға таныстырылған нұсқаны жасап шыққандар да осындай мысалдарға сүйенсе керек. Қалай десек те, әліпби нұсқасы таныстырылды, қоғамдық талқылау басталды. Жаңа әліпбидің қолданыс аясына, дыбысталуына, оқылуына, жазу көркемдігіне қатысты ұсыныс-пікірлерді қадағалап, сараптап, талдайтын тіл мамандарының арнайы қоғамдық кеңесі де құрылды. Ашық ой, алуан пікірдің жаршысы ретінде, ендеше, біз де мамандар мен белсенділерге мінбер береміз. Әркімнің өз сөзі бар емес пе?! 

"Шырылдауық шегіртке немесе ерке-шолжаң ЭКСПО туралы" - «Тойдың болғанынан боладысы қызық» дейді атам қазақ. Заман өзгеріп, мақал да өзгеретін шығар, өйткені кейбір дүдәмал әрі екіұдай «тойлардан» кейін «тойдың болғаны да қызық» болып жатады.

ABAI.KZ. "Латынға қарсы қайраткерлер нені ескермей отыр?" - Соңғы екі-үш күннің ішінде латынға көшу мен Парламентте ұсынылған жаңа әліпби жобасы көптің қызу талқысына түсіп жатыр. Жөн. Талқы болуы керек, сын айтылуы керек. Қазір латын графикасын енгізудің бірыңғай стандартын енгізу жөнінде Парламентте де, қоғамдық ұйымдарда да талқылау жүріп жатыр.

"Азияның ең бай адамдарының бірі Джек Маның жетістікке жету тарихы" - Біз қытайлық кәсіпкер Джек Маның өмірбаянымен таныстырмақпыз. Ол мектеп пен университет емтихандарынан бірнеше рет  құлаған. Жұмысқа орналасу үшін барған,  әңгімелесулерден өте алмаған. Бірақ нәтижесінде Alibaba Group-тің негізін қалап, әлемдегі ең бай адамдардың қатарына қосылған.

INFORMBURO.KZ. "Альпинистер "Өрмекші адамға" қалай айналады?" - Өндірістік альпинизм – қауіп-қатерге толы кәсіп. Бір ғана қателік, өмірмен қош айтысады. Соған қарамастан бұл мамандықты таңдаушылардың қатары көп.

QAZAQTIMES.COM. "Пернетақтаға байланған әліпби: Қоғам екіге бөлінді" - Қоғам «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін қалай қорытындылаймыз?» деп жүргенде Қазақстанда Парламентте ұсынылған латын әліпбиіне қатысты жаңа дискуссия басталып кетті. Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту орталығының директоры Ербол Тілешов қазақ тіліндегі латын әліпбиінің 26 әріптен тұратын нұсқасын таныстырды. Ал бұл қоғам пікірін екіге жарды. Бірі ұсынылған нұсқа бойынша қазақ тіліне тән төл дыбыстарының қос әріппен берілуіне қарсы шықса, енді бірі мұны «өркениетке ілесудің жолы» дейді. Ал бұған тіл мамандары мен саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері не дейді? Жас буынның пікірі қандай?

QAMSHY.KZ.Лүпілден» басталған махаббат" - Қазіргі таңда қоғамда, әсіресе, жастар арасында әлеуметтік желі пайдаланушылары өте көп. Күн санап, тіпті сағат санап адамдардың бар уақыты әлеуметтік желілерге тәуелді болып барады. Шынымен де, қазір ғаламторсыз өмірімізді елестете алмаймыз. Өлшеусіз пайдасы бар болғанымен, зиянының да шаш етектен екенін көріп жүрміз. Қаншалықты зиян екенін білсек те бас тарта алмайтын жағдайға жеткенімізді өзімізде байқамай қалдық.

AIKYN.KZ. "Солтүстік Кореяның болашағы жоқ" - Жұма күні таңертең Солтүстік Корея тағы да баллестикалық ракетаны сынақтан өткізді. NHK телеарнасының хабарына қарағанда, снаряд Күншығыс елінің Хоккайдо аралынан үстінен өтіп барып, Жапон теңізіне құлаған.

15 қыркүйек 2017, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.