«АЖ» Көкарна ықшамауданының тұрғындарының ауылға жол жөндейтін жұмысшылар келіп, көшелерді асфальттай бастағанын, алайда жұмысты аяқсыз тастап кеткеніне таң қалғандарын хабарлаған еді. «АЖ» мердігер «Атырауинждорстрой» ЖШС-не хабарласқан еді, олар 14 тамызда басталған көшелерді абаттандыру жұмыстары тоқтамағанын айтты.
Біздің сауалымызға «Атырауинждорстрой» ЖШС директоры Бөлек ӘЛМЕНБАЕВ Көкарна көшелерін абаттандыру жұмыстарының тапсырысшысы Атырау қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі екенін хабарлады. Бұл мақсатқа 1 млрд 108 млн 267 мың теңге бөлінген. Жобалау-сметалық құжаттамасы бар.
- Көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүре ме?
- Бұл біздің міндетімізге кірмейді. Біз ұзындығы 10 шақырым болатын поселкеішілік жолдарға асфальт төсейміз және 5 шақырым жүргіншілер жолын саламыз.
- Жұмыстар неге №5 және 6 көшелерден басталды?
- Тапсырысшының тарапынан кезектілік туралы нұсқаулар болған жоқ. Бұл мердігердің «Атырау Жарық», «Қазақтелеком», «ҚазТрансГаз Аймақ» және «Атырау Су Арнасы» сияқты компаниялармен жасаған келісімдеріне негізделген құзыретінде. Қазір жұмыстар №1, 3, 5, 6- және 8-ші көшелерде жүріп жатыр.
Жауап қолыма тиген соң Көкарнаға бардым. Шынымен, көргенім көңілімді қуантты. Трактор мен КамАЗдардың шуы, бас бригадирдің даусы естіліп жатты.
Дайындаған Анастасия АЛЮШИНА
Суретті түсірген автор