Атырау, 19 сәуір 11:22
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Бұл жерде жұмысшылар не істеп жүр?

Сурет
2 879 просмотра

Қала маңындағы Көкарна ықшамауданының тұрғындары ықшамаудан көшелеріне асфальт төсеу жұмыстарының басталмай жатып тоқтатылғанын анықтау үшін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің табалдырығын тоздыруда.



Қала маңындағы жаңа ықшамаудандарда соңғы жылдары баяу болса да поселкеішілік жолдар салынуда. Аяқжолдар туралы сөз қозғап та қажет емес, кейде оларды Қазақстанның мұнайлы астанасының орталық көшелерінен де таба алмайсың. Тапталған топырақ, үйілген қиыршық тастар, көше тұрғындары бір жерлерден іздеп тауып алған немесе ортақтасып алған жарамсыз асфальт қалдықтары - қала маңындағы жолдардың түрі осындай.

Жалпы, күзгі-көктемгі маусым басталғанша жүре тұруға болады.

Көкарна тұрғындары да басқалар секілді бәріне шыдап, балаларын мектепке жолсыз жерлермен жіберіп жүр. Бірақ әзірге ғана...

—Екі апта бұрын біздің көшеде асфальт төсеу бойынша дайындық жұмыстары басталды. Қиыршық тастар мен құмнан тұратын алғашқы қабаты төселді. Өркениет бізге де жетті-ау деп қуанғанбыз. Бригадамен сөйлескенде, олар бізге аяқжолдар төсеп, жарық жүргізетіндерін айтты, - дейді Көкарна тұрғыны Мақсот. – Алайда қуанышымыз ұзаққа созылмады. Бірер күн бұрын бригаданың жинала бастағанын байқадық. Қашан келетіндерін сұрағанымда, осымен жұмыстарының біткенін айтты. Олар онсыз да бұл жұмыстарды қарызға жасаған екен.

Абдыраған тұрғындар ТКШ бөліміне хабарласқан, алайда жартымды жауап ала алмады. Оларға тек бұл ықшамауданда асфальт төсеу жөніндегі жобалау-сметалық құжаттама әзірлік кезеңінде екенін айтқан. Егер құжаттама әлі бекітілмеген болса, бұл жерде жұмысшылар не істеп жүр?

—Бізде құжатсыз ешкім орнынан қозғалмайды ғой. Ал бұл жерде кенеттен жоспарсыз және құжатсыз жұмыстар жасалды. Неліктен асфальт төсеуді Бесінші көшеден бастап, Алтыншы көшеге келгенде тоқтатып тастады? Мұның бәрі түсініксіз, - дейді ықшамаудан тұрғындарының бірі.

Айта кету керек, бұл жерде балалар алаңы да тапшы. Балалардың көпшілігіне  әткеншектері мен төбешіктері бар мектеп ауласында ойнауға тура келеді. Сондай-ақ, 6 көшеде бірде бір қоқыс багы жоқ. Таң қаларлығы, бұл жерде әлі күнге дейін үйілген қоқыстар көрінбейді.

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген автор

30 тамыз 2017, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.