Атырау, 24 қараша 06:51
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жоңышқа – жұғымды азық

23 261 просмотра

Жоңышқа өсіретін шаруаларды жергілікті бюджеттен субсидиялау 5 есеге дейін өсті. Бұл туралы «АЖ» газетіне облыстық ауылшаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Серік СӘРСЕКЕНОВ хабарлады.

Бұрын жоңышқаны өсіру үшін бір гектарға 9 мың теңгеден төленіп келді. Үстіміздегі жылы бұл субсидияның көлемі 45 мың теңгеге дейін өсті. Оған қоса жергілікті бюджет суаруға кететін шаруаның шығынын да өз мойынына алып отыр.

С.Сәрсекеновтің айтуынша, қазір жоңышқаны өндірумен аса көп адам айналысып отырған жоқ, алайда субсидия көлемінің артуы мал азығын өндірушілер санына сөзсіз әсер етеді. Облыс бюджетіне субсидия үшін жоңышқа өсірілетін алаңның 642 гектарға дейін жеткізілетіндігі есепке алынып, 28,9 млн теңге салынды.

«Бірлік» шаруа қожалығының иесі Жолдасқали НҰРСҰЛТАНОВжоңышқаны 50 гектарға отырғызды. Ол бұл жаңалыққа қуанып қалды. Жоңышқаның 1 келі тұқымы 1 000 теңге тұрады, ал, бір гектар жерге 17 келідей тұқым керек, демек, оның құны 17 000 теңге. Ал, бір гектарға берілген субсидия 45 000 теңгені құрайды, сонда берілген соманың үштен екісі басқа шығындарға қалады. Әрине, басқа шығындар (жанар-жағар май, суару, қолдан суару құрылғысы, өңдеу, жинау, қоршау құрылысы және т.б.) барлық субсидиядан барынша артық, дегенмен, жоңышқаға деген  фермерлердің сұранысы көп, 250 келілік  жоңышқа орамасы қазір  4 000 теңгеге дейін барады.

 

ТҮЙЕЖОҢЫШҚАНЫҢ ӨНІМДІЛІГІ ЖОҒАРЫ

Жоңышқа және басқа да мал азығы болып есептелетін шөптер туралы жақында ғана ауылшаруашылық ғылымдарының докторы дипломын алған атыраулық биолог Болат МҰХАМБЕТОВТЕН (оның дисертациясының тақырыбы: мал азығы өндірісі және шабындық) артық ешкім айта алмас: – Жоңышқа және мен өсіріп шығарған түйежоңышқаның жаңа сорты – ақ Аркас және тісті түйежапырақтың Сарайшық түрлері бұршақ тұқымдастарға жатады. Айтпақшы, бұл тұқымдардың қазақша атаулары – жоңышқа және  түйежоңышқа. Егер шаруа осындай түйежоңышқа өсіретін  болса, дәл осындай субсидия алуы керек.  Мен өсіріп шығарған түйежоңышқаның сортының өнімді-лігі 3 есе жоғары, тұзды топырақтан қорықпайды, тұқым себетін алаңдарды шаюды қажет етпейді. Жоңышқаны  гүлдеген кезде 10-12 күннің ішінде жинап алу керек, сондықтан да өнімді жинау техника күшін көп қажет етеді. Түйежоңышқа өзінің сіңімділігін біраз уақытқа дейін сақтайды, сондықтан да оны ору маусымы – 176 күн, демек, оны жинау барысында проблема жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 сәуір 2012, 19:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.