Атырау, 26 желтоқсан 17:18
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Артық - кемі тең бағдарлама

1 499 просмотра

Өткен жылдың маусым айында ірі және орташа компанияларды қолдауы тиіс «Өнімділік-2020» бағдарламасының пилоттық жобасы іске қосылды. Осы бағдарламаның республикалық деңгейдегі операторы -Қазақстанның индустрияны дамыту институты, ал жергілікті деңгейде - «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) боп табылады.

«Атырау» ӘКК басқармасы төрағасының орынбасары Абат ТАСИМОВТЫҢ айтуынша, көмек алты бағыт бойынша көрсетіледі: 1.Кәсіпорынды дамытудың кешенді жоспарын жасақтау мен сараптауға кететін шығындарды 50 пайызға дейін өтеу. 2.Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру (лизинг құны 150 млн теңгеден бастап, сыйақы мөлшерлемесі 10 жылға дейін жылдық 7,5%-бен). 3. Жобалау мекемелерін тартуға кететін шығындарды өтеу (бір кәсіпорынға 30 млн теңгеге дейін). 4. Заманауи технологияларды сатып алу үшін инновациялық гранттарды ұсыну (мемлекет 50% құнына дейін төлейді, бірақ бір жобаға 200 млн теңгеден аспау керек). 5. Шетелдік мамандарды тарту шығындарының 50%-ын өтеу, бірақ бір маманға 9 млн теңгеден аспайды. 6. Заманауи басқарушылық және өндірістік технологияны енгізу (мемлекет бір жобаға 5-тен 10 млн теңгеге дейін қаржы бөледі).

- Осы бағдарламаға қатысу үшін компания бәрі есептелген кешенді жоспарды, өзіндік  жұмыс жобасын жасау керек, - дейді А. Тасимов. - Мемлекет шығынның жартысын жабады, бірақ бір кешенді жоспарға 7,5 млн теңгеден аспау қажет. Кешенді жоспарды индустрия министрлігі бекіткен тізімдегі консалтингтік компания жасайды. Нақты нәтижелер туралы айту әлі ерте, барлық жобалар Қазақстанның индустрияны дамыту институтында бекітілетін болады.

Тасимовтың айтуынша, бүгінгі күні 6 компания өз қызығушылықтарын білдірген. Біз солардың бірімен хабарласқан едік.

«Вест Дала» ЖШС атқарушы директоры Қайрат САЛАХЕДЕНОВ (басты бағыты – қалдықтарды кешенді басқару):

- Біз жергілікті биліктер мен «Атырау» ӘКК басшылығымен әлденеше рет кездестік. Бізге түсіндіріп, кеңестер берді. Бұл бағдарламаның артықшылығы – мемлекеттің несие шығындарының жартысын өз мойнына алатындығы. Сонымен қоса кемшілігі де бар. Осы бағдарлама бойынша өндірісімізді кеңейтіп, жабдық сатып алғымыз келеді. Бірақ, біріншіден, жұмыс жобасын жасау кезінде жобалау компаниясын біз емес, әкімдік таңдайды. Екіншіден, жасалған жоба Астанаға бекітуге жолданады. Ол бекітіле ме, жоқ па, ешкім кепілдік бермейді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

4 сәуір 2012, 19:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.