Атырау, 24 қараша 06:29
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жайық тасып, әкім сасып қалмай ма?

5 397 просмотра

Жайық-Каспий су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі  бассейндік инспекциясының бастығы Бисен ҚУАНОВТЫҢ хабарламасы бойынша, облыс өзендеріндегі судың тасуы зиян емес, керісінше, пайдасын тигізбек.

Ойыл, Сағыз, Ембі шағын өзендері Ақтөбе облысының тауларынан бастау алады. Оларда қар енді ғана ери бастады. Алайда, қыста жауған жауын-шашын көрсеткіші Жылыой және Қызылқоға аудандарында судың тасуы өткен жылға қарағанда 20-30% аз болатындығын көрсетіп отыр.

Жайық өзеніне судың көп келуі сәуір айының аяғында байқалмақ, су көлемі 4,5 млрд текше метр болады. Бұл көп жылдар бойғы нормамен салыстырғанда  1,3 млрд аз, бірақ, өткен жылға қарағанда 2 есеге жоғары.

Жайық өзенінің Иректі су қоймасы орналасқан Ресейдің Орынбор облысының сушылары бұл болжамдарға барынша риза болып отыр. Қазір жартылай бос қалған су қоймасы  900 млн текше метрге дейін суды қабылдауға дайын, ал,  осы көктемдегі судың тасуы 45% көп болады деп күтілуде. Сондықтан да су тасыған кезде су қоймасындағы суды біртіндеп жіберетін болады. Сол кезде судың жіберу жылдамдығы секундына 163 текше метрді құрайды.

Соңғы жылдары Иректі су қоймасындағы судың таяздығынан тек жылдамдығы секундына 15 текше метр болатын «санитарлық өткізу» бойынша ғана суды жіберу жүзеге асырылды. Су Жайықтың табиғи саласы болып табылатын  Өр, Елек және Сақмар өзендерінің арналарына ғана құйылатын. Биылғы жылы қазақстандық және ресейлік сушылардың әрекеттері шоғырландырылады – Сақмар, Елек, Өр өзендерінде судың тасуы аяқталған бойда Иректі су қоймасының шлюздері ашылатын болады.

- Сіз бәрін де нақты есептедіңіз, бірақ, Каспий теңізі жағынан соғатын желқума желдің тасыған су деңгейінің көтерілуіне әсерін ескердіңіз бе?

Бұл сауалға Бисен Қуанов 1994 жылы су тасыған кезде теңізден соққан желдің салдарынан Пешной жарты аралы, Дамбыдағы балықшы поселкелерін, тіпті, Махамбет, Исатай аудандарының жолын су басқандығын, Каспий теңізінің деңгейі 1 метрден жоғары болғандығын айтып, жауап берді.

Қуановтың пікірінше, биылғы жазда балаларға суға шомылу барынша қолайлы болмақ, өйткені өзен суы былтырғыдай тұрып қалған, көгерген күйде болмайды. Судың көп келуі сондай-ақ, балықтардың уылдырық шашу үшін өзенге жаппай кіруіне де себепші болмақ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 сәуір 2012, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.