Атырау, 24 қараша 05:59
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қаламасаң да емделу міндет

1 952 просмотра

Артта қалған 24 наурыз – Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні. Өкінішке қарай, бұл біздің аймақ үшін мәңгілік тақырып.

Дегенмен, қол жеткізген табыстар да жоқ емес. Мәселен, айталық, соңғы жылдары балалар арасындағы (100 мың халыққа 71,5 - 17,02 дейін келеді) сырқат көрсеткіші 4,2 есеге дейін төмендеді. Бірақ бұған қарамастан бізге әлі де «көшбасындағы» үштік қатарынан түсіп қалуға мүмкіндік болмай отыр. Біздің алдымызда Астана қаласы  (100 халыққа 138,9 жағдайдан келеді) және Шығыс-Қазақстан облысы (109,8), ал,  үшінші орында Атырау облысы (107,7) келеді. Орташа республикалық деңгейден жоғары көрсеткіш-тер Қостанай (107,5), Ақмола (102,9) және Қызылорда (98) облыстарында.

- Біздің облысымызда науқастардың жұқпалылық мәртебесіне қарай жіберілетін емдеу орындарының желісі құрылған. Мақат аудандық туберкулез ауруханасы туберкулездің созылмалы түрімен ауыратындарды емдеу және оқшаулау үшін қолданылады, Махамбеттегі ауданаралық ауруханада туберкулездің дәріге төзімді түрімен ауыратындарды емдейді. Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде барлық мамандандырылған бөлімшелер, оның ішінде мәжбүрлі емдеу бөлімшелері де жұмыс жасайды, - дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры Теміржан СУҚАШЕВ.

Айтпақшы, мәжбүрлеу – кейде әлеуметтік тұрмысы төмен науқастарды ем қабылдауға мәжбүрлейтін бірден-бір тәсіл.

– Жүйелі түрде емделмеудің салдарынан, яғни, пациент өз еркімен емдеу курсын бұзса, онда туберкулездің көптеген дәріге төзімді түрі дамиды, - дейді облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігерінің орынбасары Серікбай МҰСТАФИЕВ. – Ондай пациенттердің көпшілігі спирттік ішімдіктерді қолданады, ал, ол ауруды ушықтырады. Оның үстіне олармен емдеу курстарын жүргізу де  оңай емес.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

29 наурыз 2012, 00:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.