Атырау, 5 қараша 04:59
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +6
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Мұнай патшалығындағы кедейшілік

2 572 просмотра

Шындығына келгенде бақуатты өмір сүруге  бізде мүмкіндіктер жетерлік

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда табыстары күнкөріс минимумынан төмен 558 мыңнан астам адам бар, бұл ел халқының 3,4 пайызы. Статистика Ақмола мен Атырау облыстарында кедейлер санының көбейгенін көрсетіп отыр.

Комментарий алу үшін облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хабарластық. Әлеуметтік нормативтер мен әлеуметтік көмек бөлімінің бастығы Балдай ӨТЕҒАЛИЕВА қатты таң қалды: олардың мәліметтері бойынша, Атырау облысында кедейшілік деңгейі, керісінше, жылдан жылға төмендеп бара жатқан көрінеді.

Б. Өтеғалиева кедейшілік шегі не екенін еске түсірді. Ол бір тоқсанға есептелген күнкөріс минимумының 40 пайызы деңгейінде белгіленеді. Айтпақшы, әр аймақтың өзінің күнкөріс минимумы бекітіледі. Атырау облысы бойынша ол бүгінгі күні айына 17 751 теңге құрайды, ал мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде қолданылатын кедейшілік шегінің мөлшері – 7100 теңге, яғни күнкөріс минимумының 40 пайызы.

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына бір сәбиге 1 АЕК (1 618 теңге) мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындау кезінде қолданылатын азық-түлік себетінің көлемі  10 651 теңге құрайды.

Мұндай төменгі шекте, әрине, статистика оптимизмге сенді-реді. Биылғы жылдың 1 қаңтарында Атырау облысында атаулы әлеуметтік көмекті 831 отбасы алды (Атырау қаласында – 123 отбасы). Салыстыру үшін: 2002 жылы осындай көмекті жалпы алғанда 60 мыңдай адам алды.

Қазіргі күнкөріс минимумының күнделікті тұрмысқа сай келмейтіні - басқа мәселе. Бұл туралы азық-түлік себетінің, төменгі зейнетақының және т.б. шеңберінде күнкөріс тәжірибесін өз бастарынан өткізген «АЖ» журналистері әлденеше рет дәлелдеген болатын. Ал егер 1994 жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімі жан басына шаққанда 700 доллардан сәл астам құраса, 2011 жылдың қорытындысы бойынша ол 11 мың доллардан асып кеткен. Әрине, бұл негізінен мұнай есебінен көбейіп отыр. Осы тұрғыда биліктің күнкөріс минимумын көбейткісі келмеуі сараңдық секілді немесе «кедейлік» деген ресми бағанға халықтың азғантай ғана пайызын белгілеуге тырысып отырған әрекеті секілді көрінеді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

29 наурыз 2012, 00:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.