Атырау, 24 қараша 06:14
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жаңаөзенде сот басталды

1 763 просмотра

27 наурызда Ақтау  қаласындағы «Арман» Жастар орталығында  Жаңаөзен оқиғасына қатысты сот отырысы басталды. Сотқа айыпталушылардың  туыстары, қоғамдық комиссия өкілдері, журналистер қатысты.

«АЖ» тілшісіне сотқа ОБСЕ бақылаушысы ретінде қатысуға барған «Заман» қоғамдық ұйымының жетекшісі Әсел НҰРҒАЗИЕВАНЫҢ хабаралуынша, сот отырысы басталмай жатып судья  Аралбай НАҒАШЫБАЕВ оны кейінге шегерген. Бірақ сот ісі сол күні түстен кейін қайта жалғасты.  

-Оған кәмелетке толмаған айыпталушы Нұрсұлтан Мұқашев пен оның адвокатының  келмеуі себеп болды, - дейді  Әсел Нұрғазиева.

Сотқа Атыраудан басқа да қоғамдық ұйым өкілдері  Макс БОҚАЕВ, Серік ӨТЕПҚАЛИЕВТАР қатысты.

- Зал дегенмен  орын аз, адам өте көп. Залдағы шамамен 200 орынға сыймағандар далада жиналып тұрды. Сотқа 500-ден астам адам келді. Тек зардап шегушілер ретінде қатысушылардың өзі 100-ден астам,- деді ол телефон арқылы.

Сотта  Қылмыстық кодекстің  241 бабына сәйкес,  жаппай тәртіпсіздік жасады деп айыпталған 37  азаматтың ісі қаралмақ, олардың 2-уі кәмелетке толмаған жастар.

Сотқа қатысқан оппозициялық белсенділер «Жас Алаш» газетінің бас редакторы  Рысбек Сәрсенбайұлы мен Болат Әбілов Жаңаөзен қаласының әкімдігіне барып, сот өткізу үшін кісі көп сыятын зал сұрайтындарын айтты. 

27 наурыздағы сот отырысында Жаңаөзен оқиғасында зардап шеккен “Шолпан” сауда үйінің иесі Бидатпа Жалғасбаева бизнесіне келген зардап - 50 млн теңге өтемақыны алудан бас тартты. Сот қарауы жалғасуда.

Human Rights Watch  халықаралық ұйымы  да  Жаңаөзен сотын ерекше бақылауға алып отыр. Олар сот процесін халықаралық талаптарға сай әділ және ашық, көпке жария түрде өткізуге шақырып, мәлімдеме жасады.

Бұған дейін Жоғарғы сот өкілі Оксана ПЕТЕРС Жаңа-өзен ісі бойынша 100-ден астам жәбірленуші, 45 куә, 6 мемлекеттік айыптаушы мен 12 қорғаушы  қатысатынын  жария еткен болатын.

Сәния ТОЙКЕН

28 наурыз 2012, 19:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.