Атырау, 2 желтоқсан 01:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Сусында да сыр бар

4 221 просмотра

Егер ресми статистикаға сенер болсақ, Атырау облысында балалар маскүнемдігіне қатысты проблема жоқ деуге болады. Наркологтардың мәліметтерінше, Атырау қаласы бойынша профилактикалық есепте 3 620 адам тұр, оның тек 36-сы ғана кәмелетке толмағандар.

ҰЯЛУ ЕМЕС, ҚОРҚУ КЕРЕК

Профилактикалық есепте тұру ем қабылдау деген сөз емес екенін айта кеткен жөн. Облыстық наркологиялық диспансердің балалар дәрігері-нарколог Светлана СТРАМОУСОВА іс жүзінде маскүнем балалар анағұрлым көп деп есептейді. Олардың бәрі бірдей маскүнемдікке салынған ата-аналардың балалары емес. Жасөспірімдер, әдетте, ішімдік-ке 14 жастан бастап үйір бола бастайды. Ал мұндай жасөс-пірімдерді анықтап, емдеуге ата-аналар кедіргі келтіреді.

– Ұлдары немесе қыздары отты суға кіріптар болғанын мойындағылары келетіндер көп пе? Мәселе мынада, біз олардың келісімінсіз баланы есепке қойып, оған дер кезінде көмек көрсете алмаймыз. Ата-аналар диспансерге жүгінуге ұялады. Бұл ақымақтық қой, - дейді ол.

Ал балаларда маскүнемдікке салыну екі-үш жыл ішінде қалыптасады, ересек адамдарда бұған 10-15 жыл уақыт кетеді, деп ескертеді нарколог. Жас ағза әлі қалыптасып болмағандықтан, оған тез үйреніп кетеді. Дегенмен, оның салдары да қорқынышты. Балалар ағзасындағы алкоголь үшін негізгі «нысана» ми, бауыр және қан боп табылады.

 

ІШІМДІКТІҢ ТҮРІ БАР

Негізінен жасөспірімдер ащы арақтан гөрі сыра мен ішімдік қосылған коктейльдерді ішкенді жөн көреді. Энергетикалық сусындардың түрлі-түсті құтылары («Диззи» және басқалары) ашық боялған бөтелке немесе құтылардағы газделген сусындар түрінде шығарылады. Сырт пошымы бойынша оларды ажырату қиын, бағасы да сондай. Айтпақшы, олар да тәтті әрі дәмді.  Олардың құрамында аз ғана алкоголь бар шығар деген ойға қаласың. Мұндай сусындардың әсері бояғыш заттардың, хош иістендіргіш, консерванттар, тәттілендіргіштермен күшейеді, оларсыз бірде бір коктейль жасалмайды.

Айта кетелік, маскүнемдерден басқа, токсикомандардың және нашақорлардың балалары да бар. Наркологиялық диспансердің ақпараты бойынша, бұлардың біріншілерінен бізде 6 адам, екінші топ бойынша 3 адам тіркелген.

Балалар қыздырғыш ішімдік-терді ғана емес, саналарын тұмандату үшін анағұрлым экзотикалық құралдардың да дәмдерін байқап көреді. Енді «Момент» желімінің орнына токсикомандар бояу езгіштерді, химиялық тазартуға арналған сұйықтықтарды, тырнаққа арналған лакты, тұтандырғыш газын, бензин мен басқа мұнай өнімдерін қолданады. Ал жас нашақорлар бұрынғыша марихуана шегеді.

– Бізге емделуге келіңіздер, – деп өтінеді наркологиядағылар, – Алкогольге және есірткіге тәуелді балалар  амбулаториялық және стационарлық жағдайда тегін емделеді. Жеке басы туралы мәліметтер жарнамаланбайды. Анонимді есепке тіркеліп, жеке басы туралы мәліметтерді айтпауға да болады.

 

БАЛАЛАР ДА КОДТАЛАДЫ

Облыстық жүйке-неврологиялық аурухананың психотерапевті Николай ВАКУРОВТЫҢ айтуынша, жалпы осылай жасауға да болады екен.

– Кодтау секілді мұндай істе ең бастысы – баланың ниеті болу керек. Егер ата-аналар оны зорлықпен алып келсе, ештеңе шықпайды. 14 жаста бұл процедураны бала психикасы көтере алады деп ойлаймын. Егер жас маскүнемнің немесе токсикоманның қабылдау қабілетіне қатысты бәрі дұрыс болса (ол сынама сеансымен анықталады), онда кодтауға қатысты қиындық тумайды.

Анастасия ПАСТУХОВА

 

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы зерттеулеріне сәйкес, алкоголь тұтыну бойынша Қазақстан әлемде 8-орын иеленген. Біз әдетте көш басында тұратын ресейліктерден әжептәуір озық тұрмыз. Олар осынау жағымсыз тізімде 22 орынға шығыпты. Қазақстандықтар ішкілікке салынып кеткен: біз жылына 12 литр спирт ішеміз екен. Наркологтардың да көңіл көншітпейтін өз статистикалары бар: тек соңғы үш жылда Қазақстандағы маскүнем балалардың саны 10 есеге, арақ ішетін жасөспірімдер 2 есеге көбейген. Орташа алғанда қазақстандықтар спирттік ішімдіктерге 10-15 жастан бастап үйірсек бола бастайды.

28 наурыз 2012, 18:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.