Атырау, 24 қараша 05:50
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қармақты шұңқырға сап жүрмеңіз!

2 882 просмотра

Атыраулықтар үшін үкіметтің «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдарды енгізу туралы» қаулысының шығуы себепті Жайық өзенінен, яғни, Ақжар селосынан жоғары сағадан балық аулаудың барлық түріне толық тыйым салынғандығы жағымсыз жаңалық болды.

БАЛЫҚ ТА, БАЛЫҚШЫ ДА ДЕМАЛАДЫ

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясында(қысқарта айтқанда – балық қорғау инспекциясы) бізге жаңа ережелер бойынша балық аулаушы-кәсіпшілер енді теңізден мұз кеткен сәттен бастап, 9 мамырға дейін және 1 қыркүйектен мұз қатқанға дейін балық аулайтын болады деп түсіндірді. Іс жүзінде қаулының 8-бабы, 21-тармағында тек Каспий теңізінің қазақстандық секторының солтүстік бөлігінде ғана аулауға 10 мамырдан 31 тамызға дейін тыйым салудың енгізіл-гендігі жазылған. Демек, дауласуға болады.    Мұз қатқан кезде Жайық және Қиғаш өзендерінде балық аулау туралы келесі абзацта айтылады. Жайықта кәсіпші-лерге өз ауларын көктемде – мұз кеткен күннен бастап 24-ші сәуірге дейін, ал  күзде – 16 тамыздан бастап мұз қатқанға дейін құруға болады. Кәсіпшілер бұрын өздеріне өзенде мұз қатып жатқан кезде Жайық сағасынан аулауға рұқсат берілгендігін мәлімдейді.

22-тармақта демалыс күндерінің мерзімі бекітілген: көктемгі балық аулау маусымында - әрбір 5 күн балық аулағаннан кейін 3 күнге тыйым салынған, ал, күзгі балық аулау маусымында - әрбір 5 күннен соң 2 күн демалыс белгіленген.

БАЯҒЫ ЖАРТАС

Спорттық балық аулауды аталмыш қаулыда тіпті, басқаша атаған – «кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып  балық аулау». Осы құжатқа сәйкес, Жайық өзенінде спорттық балық аулауға 1 сәуірден 15 маусымға дейін  тыйым салу маусымын енгізген және «балықтың демалыс күндері» -  өзенде мұз қатып жатқан кезеңде  сейсенбі және сәрсенбі күндерін белгілеген. Ал, Қиғашта спорттық балық аулауға жыл сайынғы тыйым салу 20 сәуірден 20 мамырға дейін, ал, қысқы «балықтың демалыс күндері» - сенбі, жексенбі және мереке күндері. Бұдан басқа, екі өзенде де спорттық балық аулауға тәуліктің қараңғы уақытында тыйым салатын ескі норма да енгізілген.

Шаяндарды аулауға да 1  мамырдан 30 қыркүйекке дейін  тыйым салу енгізілген және бекіре тұқымдас балық түрлеріне  толық тыйымсалынған.

ТАТАРИННЕН ЖОҒАРЫЛАСА – АЙЫППҰЛ

Ең даулы деп 26-тармақты атауға болады, өйткені, онда Жайық өзенінде оның сағасынан Кіші Дамбыдағы балық аулайтын орынға дейін және Төменгі Татарская атты балық аулайтын жерден Батыс Қазақстан облысының шекарасына дейін балық аулаудың барлық түріне толық тыйым салу енгізілгендігі туралы айтылады.

Балық қорғау инспекциясының ихтиологиялық мониторинг және балық аулауды реттеу бөлімінің бастығы Мәншүк ТЕМЕШОВАНЫҢ айтуынша, Төменгі Татарская Атырау қаласының Ақсай селолық округіне қарасты Ақжар поселкесіндегі әскери бөлімшеге қарсы орналасқан. Бұрын қалалықтарға қала сыртында Жайық өзенінің кез-келген сағасында елді-мекенді қосындар аймағында балық аулауға рұқсат берілетін.

ОЛ ЖАҚҚА БОЛМАЙДЫ!

27-ші тармақта балық шаруашылығы комитеті балық қыстайтын су асты шұңқырларынан  спорттық балық аулауға тыйым салды және өзендегі балық жиналатын бұл шұңқырлардың қай жерде екендігін градусы мен минутына дейін нақты белгілеп отыратын. Бәлкім, бұл осы шұңқырларға қармақтарын байқаусызда салатын балық аулаушыларға айыппұл салу үшін жасалған болар. Сондықтан да «АЖ» сол қаулыда көрсетілген шұңқырлардан халықтың  балық ауламауы үшін қайтадан атап өтуді өзінің борышы деп есептейді.

Бұрғышылар ойығы  – Атырау қаласы Ақсай селолық округінің Ақжар поселкесіне қарсы орналасқан. Бугорки учаскесінен  1,2 шақырым жоғары. Параметрі: ені – 98 метр, ұзындығы  – 95 метр, тереңдігі – 9 метр, алаңы – 0,93 гектар. Координаттары: N47С13.062 E051С 55.350.

Теңдік ойығы– Атырау қаласының Қайыршақты селолық округіне қарасты Томарлы поселкесіне қарсы орналасқан. Параметрі: ені – 150 метр, ұзындығы – 90 метр, тереңдігі – 13 метр, алаңы – 1,35 гектар. Координаттары: N47С 09.825 E051С 56.408.

Водозаборная– Бірінші учаскеде «Атырау Су Арнасы» КМК су тазарту қондырғылары ауданында орналасқан. Параметрі: ені – 88 метр, ұзындығы – 135 метр, тереңдігі – 10 метр, алаңы – 1,18 гектар. Координаттары: N47С 07.813 E051С 55.733.

ОСВОД ойығы– судан құтқару стансасына қарсы орналасқан. Параметрі: ені – 50 метр, ұзындығы – 140 метр, тереңдігі – 9,8 метр, алаңы – 0,7 гектар. Координаттары: N47С 06.750 E051С 55.147.

Қалалық ойық– АМӨЗ су жіберу орынына қарсы орналасқан.  Параметрі: ені – 50 метр, ұзындығы – 120 метр, тереңдігі – 16  метр, алаңы – 0,6 гектар. Координаттары: N46С 57.240 E051С 44.019.

Интернеттен айталық, Google Жер Планетасы бағдарламасын (ғарыштан түсірілген) тегін жазып алуға болады, онда курсор кез-келген нүкте координаттарын көрсете алады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 наурыз 2012, 18:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.