Атырау, 24 қараша 05:41
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жәрмеңкеден жабырқап қайтты

2 085 просмотра

Қалалық жұмыспен қамту орталығындағы бос орындардың қайталама жәрмеңкесіне алдыңғыға қарағанда көп халық жиналды («АЖ» №11 санын қараңыз – «Жұмыс беріңдер!»).

ПОЛИЦИЯСЫЗ БОЛМАЙДЫ

Адамдар тағы да Орталықтың кірер ауызын қоршап алды. Әлсін әлі топ ішінен шыңғырған әйелдердің дауыстары естіліп қалады. Жағдайды реттеуге әрекеттенген орталықтың жас қызметкерлері  ер адамдардан әйелдерді ішке жіберуді өтінді (кейінірек полицейлерді шақыруға тура келді).

Бұл жолы жәрмеңкеде өткен жолғыға қарағанда жұмыс берушілер көп болды. «Сичим» және «Синопек Инжиниринг» компанияларымен қатар, «Болашақ-Атырау» рекрутингтік компаниясы, «Хемимонтаж Атырау», «Тойес», «Евразия СтройКапитал» ЖШС және т.б. болды. Өткен жолғы секілді инженерлерді іріктеген жұмыс берушілер жұмыссыз бос отырды. Бұл ұстаным бойынша үміткерлер осы жерге кіре алмады деп күмәнданамын. Сыртта тұрғанда топтан алшақтау тұрған 40 жастар шамасындағы зиялы келбетті ер адаммен қысқа ғана тілдескен едім. Ол жабдықтар бойынша инженер екен, осымен екінші рет сұхбаттасуға кіре алмай тұрған көрінеді.

 

БЕТОН КЕҢСЕ ЖӘНДІГІН ҰНАТПАЙДЫ

«Синопек Инжиниринг» қызметкерлерінің айтуынша, оларға 21 инженер керек, ал оларға тек алты түйіндеме ғана түскен. Маңғыстау облысындағы «Ерсай Каспиян Контракторда» және ТШО мен Аджип ККО жобаларында жұмыс жасау үшін кадрлар іздеп жүрген «Болашақ-Атырау» компаниясындағы жағдай да осындай.

40 түйіндеменің тек 10-ы ғана бізді қызықтырды. Көпшілігі ағылшын тілін білмейді, ал ол инженерлік ұстаным үшін міндетті. Қойылатын басқа талап – 3 жылдан астам өтілі болуы керек, - деп хабарлады рекрутер қыздардың бірі. Оның айтуынша, маңғыстаулық түрлі жұмыс атқаратын жұмысшыларға айына 70 мың теңге төлейді, ал атыраулықтар бұған келіспейді. Кем дегенде 100 мың теңге талап етеді. Маңғыстаулық жобадағы инженердің еңбекақысы – 200 мың теңге. 

АМӨЗ мердігері – «Казстройсервис» компаниясының есімі аталуы қиын үнді өкілі аудармашыны елең қылмай, сапа жөніндегі инженер ұстанымына үміткерді шала орыс тілінде сынап тастады. Оның айтуынша, ол қарапайым сұрақтарға жауап бере алмаған:

– Мен одан қысқы уақытта бетонды қандай температурада құйып және неше күн ұстау керектігін сұрадым. Ол мұның зертхана жұмысы екенін айтты. Демек, ол адам құрылыс алаңында жұмыс істемей, тек кеңсе жұмысымен айналысқан болғаны ғой.

«Сичимде» де осыған ұқсас жағдай.

– Тұрба монтаждаушылардың түбіртегімен келетін үміткерлер, дәлірек айтқанда, ажарлаушылар. Олар дәнекерлеу үшін тұрбаларды ғана дайындайды. Ал бізге өздіктерімен сызбаларды оқи алатын және тұрба құбырларын төсей алатын 5-6-разрядты тұрба монтаждаушылар керек, - дейді компания өкілі Марина ЖҰМАҒАЛИЕВА.   

– Апа,менің түйіндемемді қабылдаңызшы, бәлкім өтіп кетермін, – дейді жігіттердің бірі оның түсіндіргеніне құлақ аспастан қолындағысын ұсынып.

 

ТӘЖІРИБЕ ТОСЫН ЕМЕС

АМӨЗ жобасына кір жуушылар, жүргізушілер мен басқа қызмет көрсетуші персоналдарды іріктеуші «Ритм Ойл» ЖШС (мейманхана бизнесі) мен астаналық «Евразия Строй Капитал» ЖШС өкілдері орналасқан үстелге үміткерлер көп келмеді. Ер адамдар мұнай саласына барғылары келді, ал  әйел адамдар саусақпен санарлық.

– Егер таяу уақытта Қарабатанда теміржол тармағының құрылысы бойынша жоба немесе ТШО жобаларының бірі  ашылса, төменгі біліктіліктеріне қарамастан біз жұмыссыздардың барлығын бірдей жұмысқа орналастырар едік. Бірақ осы жобалардың басталуы кейінге қалдырылып келеді, - дейді жұмыспен қамту басқармасы қызметкерлерінің бірі қынжыла. Оның айтуынша, қазір облыстағы билік жұмыссыздарды қайта дайындауға және әлеуметтік жұмыс орындарына қаржыны аямайды. Бірақ, неліктен екені белгісіз, қолдарында екі сертификаты болса да, біздің адамдардың алған мамандықтарының негізгі түсініктерін білмейді. Ықтимал себептердің бірі – профилді оқу орындары мен оқу орталықтарындағы оқыту сапасының төмендігі, онда негізінен теория жөнінде мағлұмат алады. Ал АҚШ-қа отандық орта оқу орындарының басшыларын тәжірибе жинақтауға жіберіп жатқанда, студенттер жұмыс жасап жатқан өндірістерден практикалық білім алады. Сол жерде оларға болашақ жұмыс берушілер көз салуы мүмкін. Пысықай американдықтар кеңестік дәуірдегі кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінен осы тәжірибені түгелімен көшіріп алды. Ал біз келіп, бұдан жаңалық ашып отырмыз.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

P.S. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері бос орындар жәрмеңкесі енді әр дүйсенбі сайын өтетіндігін хабарлады.

21 наурыз 2012, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.