Атырау, 24 қараша 04:51
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Отбасылық ережедегі өзгеріс

3 280 просмотра

Өткен жылдың 26 желтоқсанында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекс заңды күшіне енді. Енді Қазақстанда ресми түрде бір жынысты некеге тыйым салынып, суррогат ана болуға рұқсат етілген. Егер алимент төлемесеңіз, елден кету мүмкін емес. Ал аталар мен әжелер кәмелетке толмаған немерелерін асырауға міндетті. Отбасылық өмір ережесіне тағы қандай толықтырулар енгізілген екен?

СУРРОГАТ БИЗНЕСІ

Елімізде суррогат ана болуға ресми түрде рұқсат берілгені белгілі. Кодексте суррогат ана мен тапсырыс беруші ерлі-зайыптылар арасындағы келісім-шарт қалай жасалатыны, шарт бойынша жұмыс жасайтын ананы асырауға жұмсалатын шығындардың қалай төленетіндігі, әлдеқандай жағдай бола қалғанда не істеу керектігі толық жазылған.

– Егер, мәселен,баланың дені сау боп туылмаса, онда тапсырыс беруші одан бас тартуға құқылы, - дейді балалар құқығын қорғау департаменті бөлімінің бастығы Фатима БАЙМҰХАНОВА. – Ал егер тапсырыс берушілер қаза болса немесе бас тартса, онда олардың туысқандарына баланы асырап алу ұсынылады. Егер олар бас тартса, онда суррогат анаға берілуі, ал ол бас тартқан жағдайда мемлекет қамқорлығына берілуі мүмкін. Суррогат ана болғысы келетін әйелдер үшін критерийлер белгіленген. Оның жасы 20-дан 35 жасқа дейін болуы тиіс, дені сау және өз баласы болуы керек. Егер болашақ суррогат ананың күйеуі болса, онда жұбайынан процедура үшін жазбаша рұқсат алуы керек.

«Google» іздеу жүйесіне «суррогат ана боламын Атыраудан» деген төрт сөзді енгізгенде, сәби көтеріп, дүниеге әкелуге дайын әйелдердің ұсыныстарының молдығына таң қалдық. Меруертесімді осындайқыздардыңбіріментілдесудіңсәтітүсті.

– Жасым 26-да, ұлым бір жарым жаста. Денім сау, белсендімін, тұрмыста жоқпын, зиянды әдеттерім жоқ, - деді ол мен хабарландыру бойынша хабарласып тұрғанымды айтқанда. – Сіз орыссыз ба? Әдетте мен қазақ болғандықтан, маған тек орыстар хабарласады. Мені баланы өзіне алып қалады деп қорқады. Жоқ, мен бірінші рет құлақтандыру беріп отырмын. Көп адам қоңырау шалады, бірақ ойлаған істерін жүзеге асыруға батылдары бармайды. Қанша тұрады дейсіз бе? Ай сайынғы төлемақы 65 мың теңге және соңынан 15 мың доллар...

 

«БАС ТАРТЫЛҒАН» БАЛАЛАР

– Кодексте «бас тартылған балалар» деген түсінік пайда болды. Бұрын тастанды баланы «ата-ананың қамқорлығынсыз қалған» деп атайтын еді. Айырмашылығы қандай?

– Бұрын тастанды баланы асырау қиын болатын. Оның мәртебесін анықтау ұзаққа созылып кететін еді. Оның ата-анасы жоқ екенін сот арқылы дәлелдеу қажет болатын, - деп  түсіндіреді Фатима Баймұханова. – Енді қазір «бас тартылған» деген түсінік бар. Егер бір жыл ішінде ата-аналары балаларын іздеп келмесе, оларды құқықтарынан айырады. Содан кейін баланы отбасына беруге болады. 

Құжатта «некеден тыс бала туған әйел» деген тағы бір жаңа түсінік пайда болды. Департаменттегілердің айтуынша, бұрын әйелдер келіп, баланы өздері тәрбиелеп жатқандарын айтып, жәрдемақы тиесілі емес пе деп сұрайтын. Тиесілі емес. Өйткені заңда «жалғызбасты ана» деген түсінік болмады. Қазір ол пайда болды, бірақ бәрібір төлемақылар әлі тағайындалған жоқ. Департаменттегілер уақыт өте келе олар пайда болуға тиіс дегенді айтады.

ӘЖЕСІНІҢ МОЙНЫНА МІНІП...

Халықаралық бала асырап алумен енді мемлекеттік лицензиялар негізінде жұмыс істейтін агенттіктер айналысатын болады. Олардың қызметкерлері шетел отбасыларына кететін балаларға бақылау жасауға, фотоесептемелерді қабылдап, тіпті тексеру  үшін қонақ боп барып қайтулары тиіс.

– Бұрын бұл Сыртқы істер министрлігі арқылы жасалатын. Енді баламасы – арнайы агенттіктер пайда болды. Алайда олардың да жұмыстарын мемлекет реттейтін болады, - деп нақтылайды департаментте. 

Тағы бір жаңалық – асырап алушылардың жасына қатысты.  «Неке және отбасы туралы» заңда асырап алушы мен сәбидің арасындағы жас айырмашылық 16 жастан кем болмауы тиіс деп жазылған. Кодексте «және 45 жастан жоғары болмауы» тиіс деп қосқан.

Кодексте аталар мен әжелер өз немерелерін асырауға міндетті делінген баптар қосылды.

– Егер немере еңбекке жарамды ата-анасынан қажетті қамқорлық ала алмаса, онда өз ата-әжесінен алимент алуға құқылы. Тіпті сот арқылы да. Әрине, егер олардың қажетті ақшалары болса. Өз кезегінде аға буын өз немерелерінің көмегінен үміттене алады, бір нәрсе болған жағдайда мұндайды сот арқылы талап етуге құқылы.

Айтпақшы, қазақстандық сәбилерге екі есім беруге рұқсат етілген.

Анастасия ПАСТУХОВА

21 наурыз 2012, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.