26 мамырда облыстық балалар ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне ит тістеген көп жарақаттармен 13 жасар бала келіп түсті.
Біздің ақпаратымыз бойынша, Жеңіс бағының жанында оған қаңғыбас алабай шабуыл жасаған. Зардап шегушінің жағдайын облыстық балалар ауруханасының хирург дәрігер Ризабек ХАИРОВ ауыр деп бағалап отыр.
Естеріңізге салсақ, осындай жаға ұстатарлық жағдай биылғы жылдың 6 қаңтарында Еркінқалада орын алған болатын. 7 жастағы баланы қаңғыбас иттер аяусыз талап тастаған еді. Осыдан кейін қала маңындағы ауылда қаңғыбас иттерді жаппай ату ұйымдастырылып, екі күн ішінде 150-ден астамы жойылды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ