Атырау, 22 желтоқсан 15:48
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Ауыл жаңалықтары

2 302 просмотра

Мақат ауданында өзіне- өзі қол жұмсаушылар саябырсыз емес.

Аудандық ІІБ бастығының орынбасары Талап УРИШАНОВТЫҢ мәлімдеуінше өткен жылы он бір адам өзін - өзі өлімге қимақ болған. Осылай өздеріне үкім шығарғандардың төртеуі өліп, жетеуі тірі қалған. Кейін тексеріс барысы көрсеткендей, бұған көбіне - көп тұрмыс тауқыметі мен жастардың сәтсіз махаббаттары себеп болатын көрінеді. Бірі ала жіпті таңдаса, ал екіншісі дәрі, дәрмекпен улануды қалаған. 

 

Қидан әлі құтылмаппыз

Қызылқоға ауданына көгілдір отынның келгеніне екі, үш жылдай болып қалды.

 

Бұл өңірдің табиғаты қаталдау және облыстан қашық жатқандықтан, әлеуметтік мәселелер толық шешіліп болған жоқ. Газшылар Миялы және Сағыз, Мұқыр линиялары арқылы келген газды тұрғындар тұтынып отырғандарын айтады.

-Біздің есебіміз бойынша Миялы бойынша 590, ал Сағыз, Мұқыр бойынша 200-ге тарта үй қидан құтылған жоқ,-дейді «Облтрансгаз» КМК-ның аудандағы филиал шебері Самғат ХАСАН.

Әрине, көгілдір отынға қол жетпеудің түрлі себептері бар, бірі қаржыдан қиналса, кейбіреулер бас тартқан. Ал үйге дейін газды тартып алу құны алпыс мың теңге шамасында. Газшылардың мәлімдеуінше баға өткен жылдардан өскен жоқ, бірақ соны таппай отырғандар да бар көрінеді.

 

Жылжымалы кешен алыс ауылдарды аралайды

Жылыой ауданында қазіргі заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген жылжымалы медициналық кешен шалғай ауылдарды аралау үшін алынған еді.

«Салауатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша алынған жылжымалы медициналық кешен «КамАЗ» автокөлігіне орнатылған. Кешен рентген кабинеті, УЗИ, лаборатория, стоматология, гинекология, лор, офтальмолог, хирургия кабинеттерімен жабдықталған.

-Бұған білікті дәрігерлер тартылды. Өте алыс жатқан ауыл адамдары басы ауырып, балтыры сыздаса да дәрігерлік көмек алуды қиынсынатын. Мұнда дәрігерлік көмек көрсетумен бірге емдеу де қоса жүреді. Және көршілес аудандағы шалғайда тұратын ауылдарды қамту көзделген,-дейді Жылыой ауданы ауруханасының бас дәрігері Тахуадин ҚЫДЫРБАЕВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 қаңтар 2012, 20:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.