Нұрсаядағы электр жүйелері қысқы маусымға дайын ба, егер демалыс күндері электрге қатысты проблемалар туындаса не істеу керек? Осы және өзге де сауалдар өңірлік коммуникациялар қызметінде «Атырау Жарық» АҚ қалалық электр желілері кәсіпорнының басшысы Қуат СИСЕНҒАЛИЕВТІҢ қатысуымен өткен брифингте талқыланды.
ЖАҢБЫР ЖАУСА ЖАРЫҚ БОЛМАЙДЫ
«Атырау Жарық» АҚ қалалық аудандық электр желілері (АЭЖ) балансында 420 қосалқы станция мен
Журналистерді Нұрсая ықшамауданындағы суға кеткен трансформаторлы қосалқы станциялар проблемасының қалай шешілетіндігі алаңдатты. Ондағы тұрғындар бірнеше жылдан бері электр іркілістерінен зардап шегіп келеді. Бұл ахуал жауын-шашынды кездері ушыға түседі. Қуат Сисенғалиевтың айтуынша, қалалық АЭЖ қызмет көрсететін қосалқы станциялардан бөлек, Атырауда қалалық ТКШ бөлімінің балансында тағы да 400-ден астам қосалқы станция жұмыс істейді. Соның ішінде қыста және көктем кезінде проблемалар туындаған Нұрсаядағы төрт қосалқы станция бар.
- Осы қосалқы станцияларды салу кезінде орындар сәтсіз таңдалды. Олар ойпаңға салынған, сондықтан оларды үнемі су басады. Қалай болғанда да, оларды көтеру керек немесе айналасына бөгеуші кедергілер жасау керек. Менің білуімше, ТКШ бөлімі осы проблеманы шешуде. Өз тарапымыздан күзгі-қысқы маусымға дайындық аясында біз осы қосалқы станцияларға толықтай техникалық қызмет көрсеттік, жалғаушы болттық қосылыстарын бұрап, жанып кеткен жабдықтың трансформаторлық майын ауыстырдық.
НӨМІРДІ ЖАЗЫП АЛЫҢЫЗ
Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйлер туралы сұрақ қойылды. Тұрғындар бұл үйлерде лампалардың жиі жанып кететіндігіне шағымданады. Оларды әр 2-3 күн сайын ауыстыруға тура келеді екен. Шақырылған электриктер бұл проблеманың үй ішіндегі электр сымдарына байланысты екендігін растайды. Бұл үйлерде олар мыстан емес, анағұрлым арзан алюминийден жасалған.
Сисенғалиевтың айтуынша, ережелерге сәйкес электр құрылғыларының кірмесін, яғни, үйішілік желілерді мыс кабельдерден де, алюминийден де жасауға болады.
Алюминий үшін кірме қимасы 16 шаршы мм-ден кем емес, ал мыс үшін қимасы 10 шаршы мм-ден кем болмауы тиіс, өйткені оның өткізу қабілеті жақсы. Яғни, кабельдің екі түрін қолдануға болады, бастысы – стандарттар сақталса болғаны.
Қала тұрғындары көшедегі жарықтардың сапасына қатысты БАҚ-қа жиі шағымданады. Мәселен, Афанасьев көшесінің тұрғындары №138 үйден жағалауға дейін шамдардың жұмыс істемейтінін айтады. Сисенғалиев көшедегі жарықтарға ТКШ бөлімі бақылау жасайтынын, сондықтан сұрақтарды қалалық әкімдік тарапына жолдау керектігін айтты.
Демалыс күндері де электрге қатысты проблемалар туындап жатады. Біздің оқырманымыздың, мәселен, жұма күні кеште жарығы өшіп қалған. Өз учаскесіндегі мастерлер мен бақылаушыға қоңырау шалып, ала алмай, хабарландыру бойынша электрик шақыртқан. Ол электр есептегіштің пломбасын түсіріпті. Енді әйел өзіне көп айыппұл салатын шығар деп қорқып отыр.
- Қалалық электр желілері қызметінің жанында тәулік бойына диспетчерлік пункт пен апаттан құтқарушы төрт көшпелі бригада жұмыс істейді. Олар тәулігіне 24 сағат тексеру жұмыстарын жүргізіп, өтінімдерді орындайды, - деді Сисенғалиев. – Тұтынушылар 99-42-67 және 32-36-36 нөмірлері бойынша бригаданы шақыра алады. Егер демалыс күндері шақырылған мастер электр есептегіштің пломбасын алып тастаса, онда бригаданы шақыру керек. Олар арнайы бланк толтырып, оған есептегіштің жарамсыздығына қатысты пломбаның алынғанын көрсетеді. Содан кейін бұл актіні біз «Атырау энергосатуға» жібереміз, ол жаңа пломба орнату үшін актіні өз бақылаушысына жолдайды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген автор