Атырау, 29 қараша 11:54
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі кен орнын бірлесе зерттейді - Мәжіліс

2 348 просмотра

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыруға мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды,- деп хабарлады ҚазАқпарат.

Аталған келісім Қазақстан мен Ресейның, олардың уәкілеттік тұлғалары арасындағы Құрманғазы (Қазақстан) кен орнын, Центральный және Хвалынское (Ресей) кен құрылымдарын, Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін бірлесіп игеру бойынша қызметтің құқықтық негіздерін бекітеді.

«2015 жылы екі ел басшылары Центральный геологиялық құрылымын жете барлау құқығын бөлу жөніндегі өзгерістерді қамтыған хаттамаға қол қойған болатын. Центральныйдың құрылымы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде, Ақтау қаласының оңтүстік батысына қарай 150 шақырым, Астрахан қаласынан 440 шақырым қашықтықта Ресей секторында орналасқан. Жұмыс учаскесіндегі су тереңдігі 350-500 метрді құрайды. Ресей тарапының алдын ала деректері бойынша құрылымда 90 млн тонна мұнай, соның ішінде С-1 санаты бойынша - 6 млн тонна, С-2 санаты бойынша 84 млн тонна мұнайды құрайды», - деді Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов.

Оның айтуынша, өзгерістер негізінен Ресейдің Жер қойнауын пайдалану жөніндегі федералдық агенттігінің бірлескен кәсіпорынына «Нефтегазовая Компания Центральная» ЖШҚ жете барлау жүргізуге лицензия алуға уәждемелік бас тартуға қатысты болып отыр. Ресей заңнамасына сәйкес, жете барлау бөлігінде шектеулер белгіленген. Атап айтқанда, геологиялық зерттеулерге қатысты жалпы мерзімі мен барлады ұзарту мүмкіндігін қарастырмайды және бес жыл мерзімге беріледі. «Осыған байланысты хаттамаға өзгерістер енгізіліп отыр. Тұтастай алғанда, Центральный құрылымын игеру Каспий теңізінің солтүстік бөлігін игеру кезіндегі геологиялық ақпараттар алуға, қазақстандық кадрлар үшін жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бұл теңіз жобаларында жұмыс істеген кезде кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін шыңдайды. Қаржыландыруды Ресей тарапы толықтай өзіне алады», - деді Ә. Мағауов.

Дереккөз: Іnform.kz

15 маусым 2016, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.