Қазақстан парламентінің Сенаты сәрсенбідегі жалпы отырысында ғарыш аппараттарын пайдалануда лицензияны қарастыратын «Ғарыш қызметі туралы» заңды қабылдады.
Заң жобасын ұсынған «Қазғарыш» агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаевтың түсіндіруінше, қабылданып отырған құжатпен ғарыш қызметін жүзеге асырудың негізгі қағидалары мен оның Қазақстанда дамуы белгіленеді.
«Заңмен ғарыш аппараттарын пайдалануды лицензиялау, ғарыштық зерттеулер, ғарыштық жүйелер мен ғарыш зымыран кешендерін құру мен пайдалану саласында ғылыми зерттеулер жүргізу», - деді ғарыш агенттігінің басшысы.