Атырау, 6 мамыр 15:18
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"ҚР білім және ғылым министрі жазғы каникул, үштілділік және қазақ тілінің болашағы туралы", "Қазаққа помещиктің керегі жоқ", "Өзбек пен қырғыз кішкене төбе үшін жанжалдасуда", "Вице-министр Өскенбаев: қазақтың жерін ешкім тартып алмайды!"

2 179 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Атырауда алаңға жиналғандар "жер сатуға" қарсылық білдірді" - Атыраудағы Исатай мен Махамбет аланыңа жүздеген адам жиналды. Олардың «жерді шетелдіктерге жалға бермеу және сатпау» туралы талабын облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Ақордаға жеткізуге уәде етті.

"ИМ тобының идеологиялық құралы" - ИМ тобы соңғы айларда Сирия мен Иракта бақылауындағы бірқатар аймақтан айырылған. Экстремистер Таяу Шығыстан тысқары жерде де шабуылдар жасап, идеологиясын қару ретінде пайдалануға тырысады.

QAMSHY.KZ. "Баспанасыз қазақтың қалтасын қағып жүрген риэлторлардың қызметі заңмен реттелмейді" - Қарапайым халық, әсіресе, Алматы мен Астана сынды алып қалаларда жүрген халық «маклер» деген ұғыммен жақсы таныс. Көрінгеннің босағасын паналап, пәтерден-пәтерге көшіп жүрген ағайын жылжымайтын мүлік саудасы мен жалдау саласында делдалдық көрсететін маклерлердің қызметіне жиі жүгінеді. Заманына сай осы маклерлер де қызмет аясын кеңейтіп, түрлі ұйым, компаниялар астына бірігіп, бүгінде «риэлтор» атанып жүр. Қазір баспана жалдау мен сатып алуға қатысты Иә, жұртшылық солай ойлайды. Сана деген дүниеге осы ой кіріп алған.

"Ерлан Сағадиев "үш тілділікке" қарсы ашық хатқа қол қойғандарды айыптады" - Астанада брифинг өткізген Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев журналистердің сауалдарына жауап бері, қолға алынып жатқан реформалардың жай-жапсарын түсіндірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

DALANEWS.KZ. "Қазаққа помещиктің керегі жоқ" - Қазақ жерін шетелдіктерге сату туралы биліктің бастамасына жер-жерде қарсылықтар күшейіп келеді. Президентке, Үкіметке, Парламентке бірнеше мәрте ашық хат жолданды. Ұлт зиялыларының бір тобы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «ескерту» де жасады.

"И. Бродский: Сұқ саусағыңызға абай болыңыз!" - Әйдік ақын, Нобель сыйлығының иегері И. Бродский Мичиган университетіінң студенттеріне арнаған сөзінде өзінің ішкі принциптері мен қоғамдық қағидалар туралы түйгендерін жеткізеді. Оның тапқырлықты емес, әдебиеттегі һәм өмірдегі шынайылықты жақтаушы әрі өзінің қағидаларын өле-өлгенше қорғаушы бірегей тұлға екенін ескерсек, төмендегі шағын арнау сөзінен қажетті көп дүниені аңғару қиын емес.

TURKYSTAN.KZ. "Өзбек пен қырғыз кішкене төбе үшін жанжалдасуда" - Тамыз айында Қырғызстан тәуелсіздік алғанына ширек ғасыр толады. Осы мезгіл аралығында өлке оңтүстіктегі көршілері – Өзбекстан және Тәжікстан республикаларымен шекарасын толық шешіп алмағаны әртүрлі дау-жанжалдардың туындауына себеп болуда. Бір ай бұрын, Наурыз мерекесі күндерінде Қырғызстанның Жалалабад облысы Ақсы ауданының Өзбекстанмен қапталдас Шаласарт деген жерінде қырғыз-өзбек шатағы дәл осы шекара межесінің нақтыланбағанынан болды.

"Кешегісі – қараң, болашағы – алаң болғандар" - Күн жылынып, Жерорта теңізінің бетіндегі ұйытқыған дауыл саябырсып, кәрі құрлықтың арқа-басы кеңи бастап еді, жыл құстары сияқты қалың нөпір мигранттар қайтадан есік қақты. Өткен қой жылының шылауына оратылған «мигранттар дағдарысы» биылғы мешін жылының да жағасынан аларын бұған дейін жазғанбыз. Айтса айтқандай, наурыз бітпей жатып, Еуропалық Одақтың оңтүстік шекарасы мен Италияда тағы да мыңдаған босқын топтасты.

ABAI.KZ. "Вице-министр Өскенбаев: қазақтың жерін ешкім тартып алмайды!" - Қазақстанның Үкіметі ауыл шаруашылығына тиесілі 1,7 миллион гектар жерді аукцион арқылы сатуғашығаратынын айтқан күннен бастап, дүйім жұрт дүрлігіп, бабадан қалған байтақ даланы көлденең көк аттыныңменшігіне беріп жіберуге қарсылық білдіріп жатыр. Сол қарсылықтарға байланысты бүгін ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мырза «Abai.kz» порталына арнайы, эксклюзивті сұхбат беріп, жер сатудың жәй-жапсарын түсіндірді.

"Плагиаттарды тәрбиелеп жүрген жоқпыз ба?" - Бастауыш сыныптан бастап ұстаздар оқушыға реферат жазып келуге тапсырма береді. Бұл тапсырманың дұрыс жағы да бар, бұрыс жағы да бар. Дұрысы – бала мектеп бағдарламасымен шектелмей, қосымша ізденеді, ғылымға бейімделеді. Бұрыс жағы – оқушы ғаламтордан дайын мәліметті көшіріп алады, қосымша әдебиеттерден тың мәліметтер қарамайды, кітапханаға бармайды. Тоқ етері еңбектенбейді.

QAZAQUNI.KZ. "Орыстілді басылымдар ресейлік бағытта жұмыс істеп жатса, мемлекеттік идеологиямыз кімдікі дейміз?" - Қазақстанның ақпараттық кеңістігін бүгінде Ресей идеологиясы жайлап тұрғаны жайлы күнде айтылып та, жазылып та жатыр. Қазақстандықтар дүниежүзінде болып жатқан саяси-қоғамдық оқиғалар жөнінде тек орыс тілінде ғана ақпарат алатынын білеміз. Және олар Ресейдің сүзгісінен өтіп келетіні де ешкімге жасырын емес. Сондықтан біздер қазір әлемдік саяси алаңда болып жатқан кез келген шаруаға тек Ресейдің көзімен қарап, соларша ой қорытамыз. Ал Еуропа елдерінің күнделікті баспасөзі не айтып жатыр, басқадай дамыған елдер не дейді, біз үшін оның оның есігі жабық.

ULT.KZ. "Қазаққа тәжірибе жасау және «құлмінез»" - Қазақстан билігінің қазақтың ұлттық санасын түбегейлі өзгерту, яғни, ұлтсыздандыру бойынша жүргізіп келе жатқан ең қуатты тәжірибесінің бірі – Қазақстанның көп ұлтты екенін дәлелдеу, яғни, елдің иесі – қазақ деген ұғымды жою. Бұл тәжірибеге «Қазақстан халықтарының бірлігі, достығы» негізге алынады. Тіпті, олардың бәрі бір отбасының, бір ата-ананың балаларындай деген ерсі тұжырымдар ұрандата айтылады. Бірақ олардың ортақ, яғни, ресми тілі –орыс тілі. Қайталап айтар болсақ, Қазақстандағы қазақ ұлты 68 пайыздан асып кетті. Бұған қазақпен еркін сөйлесіп, еркін түсінісе алатын, осында тұратын өзбек, татар, қырғыз, әзірбайжан, ұйғыр секілді түркі тілді, яғни, тілі бір, діні бір халықтарды қосыңыз. Ендеше олардың бәрі Қазақстанда неліктен ресми тіл деген мәртебе берілген орыс тілінде сөйлеуі керек? Бұл тәжірибенің, бұл іс-шараның аржағында осы басқа ұлттардың есебінен әлі де Ресей империясын, орыс тілін, орыс үстемдігін аман сақтап, өздерінің Мәскеудегі мықтыларына көмектесу пиғылы ап-анық көрініп тұрған жоқ дей аласыз ба? Осының бәрін көріп отырып патшалық Ресейдің де, Кеңестік Ресейдің де, бүгінгі Ресейдің де баяғыдан бері қазаққа қарсы жүргізіліп келе жатқан империялық, басқыншылық саясаты әлі де жалғасуда екені өтірік пе?

TENGRINEWS.KZ. "ҚР білім және ғылым министрі жазғы каникул, үштілділік және қазақ тілінің болашағы туралы" - Білім беру жүйесі - сынға көп ұшырайтын саланың бірі және онда болып жатқан реформалар ауыртпалықсыз өткен емес. Биыл наурызда Қазақстанда ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Ал бұдан бір ай бұрын 10 ақпанда білім және ғылым министрі лауазымында отырған Аслан Сәрінжіповтің орнына Ерлан Сағадиев келген болатын. Қазір ата-аналар жолдаған петицияға Сағадиев бескүндік оқу аптасының енгізілуі, білім берудің үштілді жүйесіне көшуі және оқу жылының ұзартылуы туралы түсініктеме беріп жатыр. Бұл өзгерістердің бәрі білім беру мазмұнын жаңарту туралы мәселе қозғалған мемлекеттік бағдарламада қарастырылған. Біздің бүгінгі сұхбатымыз осы мәселелердің негізі қандай, жалпы бұл мәселер қайдан бастау алған, міне осы жайында туралы болмақ.













25 сәуір 2016, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.