Украинада лаңкестік топ қызметіне қатысы бар деп күдіктелген 22 жастағы Атырау облысының тұрғыны ұсталды.
Киевтегі Қазақстан Елшілігінің ақпаратына сілтеме жасай отырып, ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, ұсталған күдікті 1989 жылғы Атырау облысының тумасы Мұхитов Ардагер Бауыржанұлы болып шықты.
«Қазақстан мен Украинаның құқыққорғау органдарының арасында тығыз байланыс орнаған. Атап айтқанда, екі елдің бас прокуратураларының арасында экстрадиция туралы келісім бар. Бұл мәселе осы келісімнің шеңберінде шешілетін болар», - деп хабарлайды ҚР СІМ консульдық қызметінің департаменті.
Облыстық прокуратура бұған қатысты әзірге ешқандай комментарий бермей отыр. Атырау облыстық ҰҚКД басқармасының бастығы Бақтыбай КУСБУЛОВТЫҢ айтуынша, бұл туралы ресми ақпарат оларға әлі түспеген екен.
Сәния ТОЙКЕН