Атырау, 6 мамыр 10:18
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Ұлтымыздың түбiне үштiлдiлiк жетедi", "Mемлекет қорғауындағы сарайшық қаласының орны жойылып кету алдында тұр", "9-мамыр. кім үшін жеңіс?", "Елімізде үйленбегендер жыл санап артып келеді. Неге?", "Жастар неге шетелде өмір сүруге құмартады?"

2 183 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Ұлтымыздың түбiне үштiлдiлiк жетедi" - Елiмiздiң бiлiм саласына, оның iшiнде орта мектепке жүргiзiлгелi жатқан реформа қоғамда үлкен пiкiрталас туындатты. Осы мәселеге орай, өткен бейсенбiде “Жас Алаш" редакциясында “Ұлтымыздың түбiне үштiлдiлiк жетедi" деген тақырыпта қоғамдық талқылау өттi.

"М.Ганди: «Отаршылардың тәрбиесiнен шыққан элита – өз халқының ең басты жауы» Қазақстанның бүгiнгi ахуалы" - Жердi жекеменшiк­ке сату туралы қабылданған заң қазiр қоғам iшiнде үлкен шу тудырып жатыр. Шындығын айтқанда, шетел азаматтарына жер сату – басқаға өз еркiңмен құл болу деген сөз. Үкiмет­тегiлер шетелдiктерге жер сатылмайды деп сендiргiсi келедi. Бiрақ iс жүзiнде олай болмайды. Амалын асырып, жемқор шенеунiк­тердiң пайдакүнемдiгiн пайдаланып жерiмiзге қалай қожалық етудi олар бiледi. Жердi аукционға қою жұмысы былтырғы жылы басталып кеткен.

AZATTYQ.ORG. "Чернобыль апаты салдарын жоюшылардың бүгінгі тағдыры" - Адам тұруға рұқсат етілмейтін апат аймағын көруге келген туристер үшін ол саяхаттың бір бөлшегі болуы мүмкін. Бірақ бұл апат әлемдегі ең ірі ядролық апат орнын тазалаған жүздеген мың адамның тағдырына әсер етті.

QAMSHY.KZ. "Mемлекет қорғауындағы сарайшық қаласының орны жойылып кету алдында тұр" - Атырау қаласының іргесіндегі көне қала Сарайшық орнын толассыз жиналатын судан жойылып кетуі мүмкін. Бұл туралы еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Сенат депутаттарымен кездесуде мәлімдеді.

"Жастар неге шетелде өмір сүруге құмартады?" - «Елім менің аңсаған,Тас бұғаудан босаған» деген әдемі әнді бүгінде басқа да мағынансында естіп жүрміз. Он сегізге толған жас «тас бұғаудан босап», ата-анасына жырақ, шетелге кетуде. Алайда, қаншалықты «елін аңсай» қоятынына күмәніміз бар.

ULT.KZ. Алаштың» алғашқы ұстанымы: жер, жер және жер" - Бірінші ұстаным: жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмейді». Яғни, жер – Отан, aл Отанды сатуға да, жеке меншікке айналдыруға да болмайды. Сол жер үшін әр қазақтың намысы жыртылып, ол жерге әр қазақтың тері мен қаны төгілген деген тұжырымға саяды.

SERKE.ORG. "Жүсіп Баласағұн:«Қалар мұра - сөз, кісіден кісіге, Сөзді мұра тұтсаң, пайда ісіңе»" - Арада мың жылдай өткесін түрік әлемінің әйгілі ақын-ойшылы, ағартушысы Жүсіп Баласағұнның шығармашылық жетістіктеріне қайта оралып жатқан жайымыз бар. Тегін емес. VІ-ХІІ ғасырлар аралығында Жібек жолы өңірі мен Орта Азия мемлекеттері өркениеттің жоғарғы сатысына көтеріліп, елдер арасында сауда-саттық жұмыстарының қарқындап тұрған шағы болатын. Батыс болса, керісінше, өзара көре алмаушылық, бірін-бірі қудалаушылық белең алып, оның тоз-тозы шыққан крепостной шаруалары әртүрлі сәтсіз жағдайларды, орта ғасырдағы үрейлі ғұмырды бастан кешіріп жатты.

ABAI.KZ. "Қазақ тілінің жоқтаушысы - Шиповскихтер" - Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде жаңа сайланған Мәжілістің ассамблеялық депутаты Генадий Шиповских «Қазақстан-Заман» газетіне берген сұхбатында депутаттық қызметін еркін атқару үшін қазақ тілінен өзгесіне мұқтаж емес екендігін айтыпты.

"9-мамыр. кім үшін жеңіс?" - Адамзаттың тарихында 60 миллион адамның өмірін жалмаған, адамның құйқа шашын шымырлататын сұмдықтар болғанын Екінші дүниежүзілік соғыс жайлы жазылған қаншама кітаптарды оқыдық, сол соғыстан жарымжан болып келген ардагер ата-әжелерімізден қаншама әңгімелер естідік?. 1941-1945 жылдар аралығында қанша қазақ қайтыс болды, қаншасы мүгедек болып қалды, қанша боздақ хабарсыз жоғалып кетті... нақты есеп әлі күні жоқ.

TURKYSTAN.KZ. "Елімізде үйленбегендер жыл санап артып келеді. Неге?" - «Он үште отау иесі» деген қазақтың сөзі бүгінде мәнін жоғалтқан тәрізді. Бүгінгінің жігіті отбасын құруға, қызы тұрмысқа шығуға асықпайды. Жастардың отбасын құруына түрлі жағдайлар мен себептердің кедергі келтіретіні жасырын емес. Әрине, шаңырақ көтеру – әркімнің жеке шаруасы. Ал мыңдаған жігіттердің «сүрбойдақ», мыңдаған бойжеткеннің «кәрі қыз» атануы қоғам болып алаңдайтын мәселе. Ендеше, жастардың үйленуден қашуының сырын біз де іздеп көрелік.












21 сәуір 2016, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.