Атырау, 6 мамыр 06:47
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Еліміздегі әскери-спорттық клубтар содыр дайындап жатыр ма?", "Жерін сатқан елдердің тағдыры қалай болған?", "«Ақ жол»: біз неге төл тарихымызға осыншама іштарлық жасап отырмыз?", "Кім кіммен бажа?", "RWB: Сөз бостандығы рейтингінде Қазақстан 160-орында

2 031 просмотра

AZATTYQ.ORG. "RWB: Сөз бостандығы рейтингінде Қазақстан 160-орында тұр" - Сөз еркіндігін қорғайтын «Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымы әлемдегі сөз бостандығының 2016 жылғы ахуалына арналған есебін жариялады. Ұйым есебінде Қазақстанда БАҚ еркіндігі «нашарлай түскені» жазылған.

"Армениядағы Назарбаев көшесі атаусыз қалды" - Арменияның Ширак облысы, Арич ауылындағы орталық көшелердің бірінен Нұрсұлтан Назарбаев есімі алынып тасталды. Әзірге көшеге жаңа ат берілген жоқ. Тұрғындар президент Назарбаевтың Армения туралы айтқандарына наразы.

ZHASALASH.KZ. "Айтылмаған ақиқат – «Айтылған тарихтың» жүгi" - Тәуелсiздiкке қол жеткiзген қазақ халқы тарихи бiлiм саласында да жаңашылдыққа бет бұрып, өзгерiп, жаңару үстiнде. Бүгiнгi таңдағы қазақ қоғамын “посткеңестiк қоғам" деп атау ендi бiрте-бiрте өткенге кетедi. Өйткенi сол “кеңестiк кезеңнен" кейiн де, мiне жиырма бес жыл өте шықты. Мұның өзi – бiр ұрпақ алмасу кезеңi.

"Депутаттар неге көп iшедi?" - “Iшiп қойыпты", “жеп қойыпты" деген тiркестер әу бастағы мағынасынан айырылған. Жұрт оны қазiр жаппай жемқорларға қатысты пайдаланады. “Жеп қойыпты" десеңiз бiттi, ел “е-е, мемлекеттiң қаржысын асап қойған екен ғой" деп түсiнедi. Бұл бiр жағынан дұрыс емес. Өйткенi мемлекеттiк тiлдi дамытамыз десек, әр сөздi өз орнымен қолдану қажет. Құдайға шүкiр дейiк, осы кемшiлiктiң орны депутаттардың арқасында толғалы тұр. Мәселен мәжiлiсмендердiң не iшiп, не жейтiнiн естiген жұрттың екi көзi аспанға шықты. Демек iшiп-жемге қатысты сөздiң мағынасы өз мәнiне ие бола бастады деген сөз.

QAMSHY.KZ. "Еліміздегі әскери-спорттық клубтар содыр дайындап жатыр ма?" - Азаматтық қоғам болған соң Конституция түрлі қоғамдық ұйымдар құруға, азаматтық бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қоғамдық институттардың жетілуіне мемлекет дамуының құрамдас бөлігі ретінде Үкімет те қолдап отыр. Ұстанымы оңды, мақсат-мүддесі мәлім ұйымдардың жұмыс істеуіне ешкім қарсы емес. Алайда, заңмен берілген осындай мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланып жүрміз бе? Қоғамдық ұйым ретінде топтасқан бірлестіктер ел ішін ала-тайдай бүлдіретін теріс қозғалыстарға айналып кетпей ме? Бұл – ойландыратын мәселе.

"Білім және ғылым министрлігі қазақ тарихынан неге шошыды?" - Жаңа оқу жылынан бастап болашақ тарихшылардан өзге студенттер "Қазақстан тарихын" оқымауы мүмкін. Сан ғасырлық тарихтың орнына Жоғарғы оқу орындарында тәуелсіздік алған 1991 жылдан бергі тарих қана оқытылмақ. Жаңа министрдің жаңа бастамасына ең бірінші болып тарихшылар қарсы шығып жатыр.

DALANEWS.KZ. "Шенеуніктерге сауал: біздің балаларымыз үшін не істедіңіздер? Түк те…" - Білім министрлігінің реформаларына қатысты өз көзқарасын білдірген мына бір әлеуметтік дүниені жарияламасқа болмады. Әлеуметтік желіде кеңінен талқыланған ата-ананың мақаласы тек бір адамның емес, тұтас халықтың ой-пікірін білдірген екен.

"Орыстанғандар немесе немесе қазақтандыру қашан жүргізіледі?" - Осы біз кімбіз, қай елде, қандай мемлекетте және қандай ұлт бейнесінде өмір сүріп жатырмыз? Сіз де ойланыңызшы, біз де ізденейік.

ULT.KZ. Ақ жол»: біз неге төл тарихымызға осыншама іштарлық жасап отырмыз?" - Анығырақ айтқанда, Білім және ғылым министрлігінің типтік оқу жоспарында жоғары білім жүйесінің оқу бағдарламасынан «Қазақстан тарихын» дербес толыққанды пән ретінде алып тастап, оның орнына «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» аталатын пәнді енгізу ісі қолға алынған сыңайлы. Мәселен, осындай эксперимент еліміздің 3 жоғары оқу орындарында, атап айтқанда, Алматыдағы Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінде, Тараз және Павлодар педагогикалық институттарында басталып та кетіпті. Аудиторияларға берілген сағат сандары азайған, мемлекеттік емтихандар алынып тасталған. Тарихшы емес барлық мамандықтар осы бағдарламаға көшірілмек.

ABAI.KZ. "Жерін сатқан елдердің тағдыры қалай болған?" - «Smart Investments» ЖШС директоры, бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Төлебаев ауылшаруашылық жерлерін отандық және шетелдіктерге сату бастамасын қолдап, өз мақаласын жариялған. Төлебаев мырза «Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді тіпті шетелдіктерге беруге болады және ол қажетті шара», - деп экономикалық жағынан түсіндіріпті.

KORRESPONDENT.KZ. "Кім кіммен бажа?" - Бажа – қазақта туысқандықты білдіретін ұғым. Яғни, апалы-сіңлілі қыздарды алғандардың күйеулері бір-біріне бажа болып келеді. Олардың бір-біріне деген құрметі ерекше. «Екі аяқтыда бажа тату» деген осыдан шықса керек. Сондай-ақ, қазақта «бажа көбейсе, дұшпан аяқ астында» деген де бар. Бұл мақалда терең мән жатыр. Бізде кейбір бажалардың қызметтік баспалдақта көтерілуге де бір-біріне ықпалы тиіп жатады. Сонымен, билікте жүргендер мен жалпы танымал тұлғалардың бажалары кім?

SERKE.ORG. "110 жыл бұрын..." - Бұдан 110 жыл бұрын Санкт-Петербургте Бірінші орыс революциясының дүмпуімен дүниеге келген Мемлекеттік дума жұмыс істей бастады. Халқымыздың ұлттық мүддесін қорғауды мақсат еткен тұңғыш мәселені Думаның қазақ мүшелері ішінен Торғай облысынан сайланған депутат Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов көтерді. Ол Ресей империясы парламентінің мінберіне осыдан 110 жыл ілгеріде шыққан алғашқы қазақ еді.

QAZAQUNI.KZ. "Таулы Қарабақ: жанжал сыртында кім тұр?!" - Таулы Қарабақтағы Әзiрбайжан мен Арменияның әскери күштерi арасындағы қақтығыс аймақтағы ахуалды ушықтырып жiбердi. Бұл – екi ел бiтiмгерлiк жөнiндегi келiсiмдi жасаған жиырма екі жылдан берi болған ең жойқын кескiлескен шайқас. Бiтiмгерлiк келiсiмiнiң бұзылғаны үшiн екi тарап бiрiн-бiрi айыптайды. Әзiрбайжан мен Армения арасындағы дау 1991 жылы, Таулы Қарабақ аймағы Әзiрбайжан құрамынан шығатыны жөнiнде мәлiмдеген соң тұтанғаны мәлім. Шын мәнiнде, Таулы Қарабаққа таластың тарихы одан да тереңнен бастау алады.

TURKYSTAN.KZ. "Ажарланамын деп ажал құшқандар аз емес" - Орал қаласының орталығындағы «Звезда Востока» сұлулық салонының жергілікті қыз-келіншектерге қызмет етіп келе жатқанына 10 жылдың жүзі болған. Алайда оның атағы бүгінгі күнге дейін дәл бұлай жер жарған емес. Тұрақты келушілерінің бірі ботокс екпесінен көз жұмғаннан кейін бұл салон айналасы екі-үш күннің ішінде ғаламтор «жұлдызына» айналып шыға келді. Ресейден арнайы шақыртылған маманның көмегімен ажарын аша түскісі келген Айжан Жақанова үш балапаны жетімек атанады деп ойлаған да жоқ еді.











20 сәуір 2016, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.